RU

Сауда орталықтары мен жабық базарларға сенбі жұмыс істеуге рұқсат берілді

тәж546
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда сауда орталықтары мен жабық базарларға сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат етілді. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында осындай шешім қабылданды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"2020 жылдың 24 қазанынан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды", - делінген үкіметтің ресми хабарламасында.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен сенбі-жексенбі күндері сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істеген жоқ. Басқа нысандарға енгізілген шектеу шаралары сақталады. Олар:

  •  мектепке дейінгі балалар мекемелері;
  •  бильярд және компьютер клубтары;
  •  ойын-сауық мекемелер;
  •  банкет залдары;
  •  түнгі клубтар

Бұдан бөлек, облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салынған.

Айта кетейік, жиында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы денсаулық сақтау министрі, зертханалық қызметтер мен жеке қорғану құралдарының баға саясатына мониторинг жүргізу жұмысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы, санитарлық талаптардың сақталуын бақылау туралы ішкі істер министрі, ақпараттық-түсіндіру жұмысы туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі, өңірлердегі ахуал туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі мен Павлодар облысының әкімі баяндады.

Сондай-ақ, елімізде кинотеатрлар өз жұмысын қайта бастайтын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880401-sauda-ortalyktary-men-zabyk-bazarlarga-senbi-zmys-isteuge-rksat-berildi.html