RU

Қазақстан халықаралық әуе рейстердің санын қысқартады

Жолаушылар әуежайда отыр
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан 26 қазаннан бастап коронавирусқа қатысты ахуалы нашар елдерге әуе рейстерін қысқартады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Комиссияның бүгінгі шешіміне сәйкес, ел өңірлеріндегі шекарадан өткізу пунктерінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі. Бұдан бөлек, 26 қазаннан бастап шет елдердегі эпидемиологиялық ахуалды ескерумен шетелге ұшатын әуе рейстерінің саны қысқартылады.

Сондай-ақ, Қазақстан аумағына келгендердің барлығы (соның ішінде ҚР азаматтары), соның ішінде екіжақты халықаралық тасымалдарды жүзеге асыратын жүргізушілер міндетті ПТР-тестілеуден өтеді.

Мәлім етілгендей, шетелден келушілерге, оның ішінде ҚР азаматтары үшін коронавирусқа ПТР-тестілеуден өткені туралы анықтаманың жарамдылық мерзімі 3 күнге дейін белгіленді.

Айта кетейік, сауда орталықтары мен жабық базарларға сенбі жұмыс істеуге рұқсат берілді.

"2020 жылдың 24 қазанынан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды", - делінген үкіметтің ресми хабарламасында.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен сенбі-жексенбі күндері сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істеген жоқ. Басқа нысандарға енгізілген шектеу шаралары сақталады.

Олар: мектепке дейінгі балалар мекемелері;  бильярд және компьютер клубтары;  ойын-сауық мекемелер;  банкет залдары;  түнгі клубтар Бұдан бөлек, облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880404-kazakstan-halykaralyk-ue-rejsterdi-sanyn-kyskartady.html