RU

ШҚО-да санитарлық талаптарды сақтамаған 90 нысан анықталды

Нидерланды мен Францияда коронавирус жұқтырғандар саны өсті
Көрнекі фото: Nicolo Filippo Rosso/Bloomberg via Getty Images

Шығыс Қазақстан облысында қазан айының басынан бері санитарлық талаптарды сақтамаған 90-нан астам нысан анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, арнайы құрылған мониторингтік топтардың облыстық әкімдік және ШҚО Полиция департаментімен келісілген қазан айына арналған жұмыс кестесі жасалған.

"1-18 қазан аралығында облыста 412 рейд жүргізіліп, 5123 объект қамтылды. Санитарлық ережелерді сақтамай және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша заңбұзушылықтарға жол берген 90 нысан басшысына айыппұл салынды. Мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда", - делінген хабарламада.

Облыстағы 19 қала мен ауданда 46 мониторингтік топ құрылған. Оның құрамына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мамандары, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган және «Атамекен» ҰКП өкілдері кіреді.

Айта кетейік, осыған дейін ШҚО-дағы полиция бөлімінде ұрлық жасап ұсталған ер адам қайтыс болғанын жазған едік. Ақпаратты ШҚО полиция департаментінің басшысы Сағат Мәдиев растады. Ол өзінің Facebook парақшасында Ішкі істер министрлігі басшысының нұсқауымен жағдайды жеке түсіну үшін оқиға болған жерге келіп жеткенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880405-sko-da-sanitarlyk-talaptardy-saktamagan-90-nysan-anyktaldy.html