Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Испанияда коронавирусқа байланысты екі қала жабылды

Опубликовано:

piqsels.com
Көрнекі фото: piqsels.com

Испанияның Бургос және Аранда-де-Дуэро қалалары коронавирус жұқтыру деректерінің артуына байланысты жабылады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы жергілікті билік өкілдері хабарлады. 175 мың адам тұратын Бургоста жаңа тәртіп 21 қазаннан бастап күшіне еніп, 14 күнге созылады. Осы уақыт аралығында себепсіз қаладан шығуға немесе оған кіруге тыйым салынады.

Дүкендерге, мейрамханалар мен барларға және басқа да қоғамдық орындарға барудың жаңа ережесі енгізіледі.

Бургос мэрінің айтуынша, соңғы күндері өңірде вирустың таралу қарқыны күшейе түскен. 14 күнде инфекцияға шалдығу деңгейі 100 мың адамға шаққанда 500-ден асып кеткен. 32 мың тұрғыны бар Аранда-де-Дуэрода да осындай жағдай. Аталған өңірде екінші рет оқшаулану режимі енгізіліп отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда сауда орталықтары мен жабық базарларға сенбі күні жұмыс істеуге рұқсат етілді. Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның селекторлық отырысында осындай шешім қабылданды.

"2020 жылдың 24 қазанынан бастап сенбі күндері сағат 17:00-ге дейін сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, жабық базарлар жұмыс істей бастайды", - делінген үкіметтің ресми хабарламасында.

Бұған дейін бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен сенбі-жексенбі күндері сауда үйлері мен жабық базарлар жұмыс істеген жоқ. Басқа нысандарға енгізілген шектеу шаралары сақталады.

Олар:  мектепке дейінгі балалар мекемелері;  бильярд және компьютер клубтары;  ойын-сауық мекемелер;  банкет залдары;  түнгі клубтар Бұдан бөлек, облысаралық жолаушылар тасымалдарына және ортақ вагондарды құруға тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880408-ispaniada-koronaviruska-bajlanysty-eki-kala-zabyldy/

pixel