RU

АҚШ-та 50 млн долларлық контрабанда бойынша айыпталған қазақстандық ұсталды

Полиция
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан азаматы АҚШ-та 50 миллион долларлық контрабанда жасады деген айыппен қамауға алынды. Ол 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық, ресейлік және үш америкалық азаматтың Ресейге құны 50 миллион доллардан асатын электрониканы заңсыз әкелген деген айыппен ұсталғаны туралы ТАСС агенттігі Нью-Йорктің Шығыс округі бойынша прокуратурасының арызына сілтеме жасап мәлімдеді.

Прокуратура ресейлік пен қазақстандықты қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы өтініш білдіріп отыр. Себебі, "аталмыш елдерде өзара экстрадициялау туралы келісімнің болмауын ескерсек, ұсталғандар Ресейге, Өзбекстанға немесе Қазақстанға қашып кетуі әбден мүмкін" дейді құзырлы мекеме.

Басылым атап өткендей, егер ұсталғандардың кінәсі дәлелденсе, оларға ауыр жаза тағайындалады. Мәселен, тиісті экспорттық декларациясыз тауарларды тасымалдаудың әрбір жағдайына АҚШ-та бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, ал контрабанда жасағандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

Қадағалау органының мәліметі бойынша, тінту кезінде ұсталған ер адамдарда көптеген электронды құрылғылар мен 600 000 долларға жуық ақша болған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Алматыда ер адам банк бөлімшесіне балтамен шабуыл жасап, тонап кеткенін жазған болатынбыз.

Одан бөлек, Алматы көшелерінде тапаншамен жүрген ер адам ұсталғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880424-aks-ta-50-mln-dollarlyk-kontrabanda-bojynsa-ajyptalgan-kazakstandyk-staldy.html