RU

Елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда өткен тәулік ішінде неше адам коронавирус дертін жұқтырғаны белгілі болды. Ресми мәліметтерді Coronavirus2020.kz Telegram-каналы жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Белгілі болғандай, елімізде өткен тәулік ішінде барлығы 115 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталған.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13

Алматы қаласы - 12

Шымкент қаласы - 3

Ақмола облысы - 6

Ақтөбе облысы - 1

Алматы облысы - 4

Атырау облысы - 10

Шығыс Қазақстан облысы - 18

Жамбыл облысы - 2

Батыс Қазақстан облысы - 5

Қарағанды облысы - 16

Қостанай облысы - 5

Қызылорда облысы - 1

Павлодар облысы - 11

Солтүстік Қазақстан облысы - 8

Жалпы, Қазақстан бойынша ауырғандардың саны 109623 адамды құрап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін біз Қазақстан халықаралық әуе рейстердің санын қысқартатынын жазған едік.

Одан бөлек, коронавирустан көз жұму қаупін екі есеге арттыратын фактор анықталғанын жазған болатынбыз.

Ал Шығыс Қазақстан облысында қазан айының басынан бері санитарлық талаптарды сақтамаған 90-нан астам нысан анықталды.

ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, арнайы құрылған мониторингтік топтардың облыстық әкімдік және ШҚО Полиция департаментімен келісілген қазан айына арналған жұмыс кестесі жасалған.

"1-18 қазан аралығында облыста 412 рейд жүргізіліп, 5123 объект қамтылды. Санитарлық ережелерді сақтамай және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы 1-бөлігі бойынша заңбұзушылықтарға жол берген 90 нысан басшысына айыппұл салынды. Мониторингтік топтың жұмысы жалғасуда", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880435-elimizde-tken-tulikte-kansa-adam-koronavirus-zktyrdy.html