Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қашықтан оқытуды 2021 жылдың қарашасына дейін ұзартқаны рас па

Опубликовано:

Оқу
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігі "қашықтықтан оқытуды 2021 жылдың қарашасына дейін ұзартқаны" туралы желіде тараған ақпараттың рас-өтірігіне қатысты жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде қашықтықтан оқыту жүйесі елімізде 2021-22 оқу жылдарына дейін жалғасын табады деген қауесет тараған болатын. Білім және ғылым министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр.

Хабарлама авторының айтуынша, қашықтықтан оқытудың ұзартылатыны туралы "жаңалықты" мектепте жұмыс істейтін таныс мұғалімдердің бірі хабарлаған. Ол оқушылар 2021 жылдың қараша айында ғана мектепке орала алады деп сендірген болатын. Министрлік бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын ескертуде.

"Биыл бірінші тоқсан 5 қарашада аяқталады. Санитарлық дәрігерлердің талаптары бойынша карантиндік шектеулер жағдайында оқушылар негізінен қашықтықтан білім алуда", – деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі өкілі.

Ата-аналардың өтінішін негізге ала отырып, мектептерде мектепалды және 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс істеуде. Бұл ретте санитарлық талаптар қатаң сақталуы тиіс екендігіне баса назар аударылыпты. Бір сыныпта 15 оқушыдан артық отырмауы керек.

"Екінші тоқсанға келсек, біз Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтеміз. Бас санитарлық дәрігер тиісті қаулы қабылдайды. Денсаулық сақтау министрлігінен ақпарат алған кезде барлық ата-аналар мен оқушылар дереу хабардар етіледі", – деп түсіндірді БҒМ баспасөз қызметі.

Карантиндік шектеулер жағдайында барлық нысандардың жұмыс форматы туралы шешімді Бас санитарлық дәрігер қабылдайтынын айта кеткен жөн.

Құзырлы мекеме тек ресми дереккөздерге сенуге шақыруда және жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертуде.

Еске салсақ, бұған дейін біз елімізде өткен тәулікте қанша адам коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.

Одан бөлек, өткен тәулікте КВИ мен пневмониядан сегіз қазақстандық көз жұмғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880443-kasyktan-okytudy-2021-zyldy-karasasyna-dejin-zartkany-ras-pa/

pixel