Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төреғали ашты": Қуандық Рахымның шаңырағындағы беташар той қалай өтті

Опубликовано:

Төреғали Қуандық Рахымның жарының бетін ашып жатыр
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал әнші Қуандық Рахым өткен демалыста сүйіктісін ұзатып алып, желіні шулатқан болатын. Ал бүгінде ғаламтор кеңістігінде жұлдызды жанұяда өткен беташар тойдың суреттері мен видеолары тарай бастады. Белгілі болғандай, жаңа түскен келіннің бетін енесі немесе әулеттің сыйлы қариясы емес, күйеужігіттің өнердегі досы Төреғали Төреәлі ашқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Instagram желісінің арқасында Қуандық Рахымның жанкүйерлері оның қуанышына өздері де барғандай сезімде болғандарын жасырмады. Ғаламторда ұзатудан кейін орын алған беташар тойдың бейнежазбалары мен фотолары тарап кетті.

Видеодан келін болып түсіп, басына ақ орамал тартқан арудың жұлдызды жолдасымен вальс билеп жатқанын көруге болады. Оған қоса, беташар кезіндегі бір қызықты жайт желідегілердің назарына ерекше ілікті.

Анықталғандай, жас келіннің бетін ашу мәртебесі әдеттегідей жігіттің анасына немесе көпті көрген қарияға берілмеген. Қуандық Рахым өмірік серігі ретінде таңдаған аруының бетін ашуды өнердегі және өмірдегі досы Төреғали Төреәліге сеніп тапсырған.

Ол жарының бетін көпбалалы әншінің өзі ашқанын қаласа керек. Төреғали жаңа түскен келіннің бетін қасиетті домбырамен ашқан.

Қуандық Рахым құрдасының төрт перзенттің әкесі атанғанын ырымдап, әйелінің бетін дәл соған аштыртуға бекінген.

Айта кетейәк, бұған дейін әнші Қуандық Рахымның шаңырақ көтергенін хабарлаған болатынбыз. Өнер иесінің таңдауы Назерке есімді қызға түскен. Талай бойжеткеннің арманы болған жігіттің жүрегін жаулап алған көрікті ару Түркістан облысы Шәуілдір елді мекенінің тумасы болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880464-tregali-asty-kuandyk-rahymny-sayragyndagy-betasar-toj-kalaj-tti-video/

pixel