RU

Шымкенттік келіншек өз баласын миллион теңгеге сатпақ болды (видео)

Нәресте
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкент қаласының 27 жастағы тұрғыны өз баласын миллион теңгеге сатпақ болды. Алайда ол дер кезінде қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Іс бойынша сот үкімі шықты деп хабарлайды қалалық полиция бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Полицияның мәліметіне сәйкес, жас келіншек қаңтар айында өз баласын Шымкент қаласының тұрғынына 1 миллион теңгеге сату кезінде ұсталған.

Тергеу барысында анасы қылмысқа бармақ болғанын толығымен мойындап, өз ісіне өкінетінін айтты. Келіншек үй қамағына алынып, осы жылдың наурыз айында оған қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілген.

27 қыркүйекте ол бала сатқаны үшін кінәлі деп танылып, алты жылға бас бостандығынан айырылды. Полиция келіншекті тұтқындау сәтінен видеомен бөлісті.

Еске салсақ, бұған дейін біз Алматы облысында қатыгез ана сәбиін өлтіріп, денесін мұздатқышта жасырғанын жазған едік.

Сонымен қатар, Алматы блок-бекетіндегі екі полицейдің өліміне кінәлі азамат 10 жылға сотталғанын жазған болатынбыз. Сот шешіміне сәйкес, Азат Азаматов абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылған.

Одан бөлек, Ақтөбеде ерлікпен қаза тапқан полиция қызметкерінің жесірі мен ұлы 8 жылдан бері өтемақы ретінде уәде етілген пәтерді ала алмай жүргенін жазған едік. Қызметте көрсеткен батылдығы үшін тәртіп сақшысы қаза тапқаннан кейін 3-дәрежелі Айбын орденімен марапатталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880487-symkenttik-kelinsek-z-balasyn-million-tegege-satpak-boldy-video.html