Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақылым өзіме жетеді": Түсіпбаева ашуына тиген оқырманын орнына қойды

Опубликовано:

Меруерт Түсіпбаева
Фото: Instagram/meruert_tusupbaeva

Қазақ эстрадасының жұлдызы Меруерт Түсіпбаева өзіне ақыл айтпақ болған желі қолданушысын орнына қойды. Әнші қалай өмір сүретінін өзі білетінін алға тартып, ешкімнің ақыл-кеңесіне мұқтаж емес екенін жеткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева өзіне барынша ақыл айтуға тырысқан оқырмандарына шүйлігіп шықты. Өнер иесіне көпшіліктің оған қалай өмір сүру керек екенін үйреткісі келетіні ұнамай қалған.

Әнші Instagram парақшасында оларға қатысты қандай ойда екенін айтып, азулы жазбажариялады.

"Халқым, өз ақылым өзіме жетеді. Құдайға шүкір! Және ақыл сұрайтын анам, туыстарым, абзал достарым жеткілікті! Өз парақшама не саламын- өзім білемін, өзім шешемін. Ұнамаса- есік ашық. Директте маған ақыл айтып, текке "потеть" еткендер блокқа кетеді. Маған қалай өмір сүру керек екенін тіпті анам да үйретпейді" , - деп жазды Меруерт Түсіпбаева.

Желі қолданушылары бірден аталмыш жазбаны желіде қызу талқылап, эстрада жұлдызының әрекетіне қатысты пікірін білдірді. Бірі өнер иесінің айтқан сөздерімен толқытай келісіп жатса, енді бірі керісінше оны сынап тастаған.

"Қазір біреуге ақыл айтатын азаман еемс" , "Дұрыс, ондайларды орнына дер кезінде орнына қоймаса басқа шығады" , "Не деп ақыл айтты екен сізге" , "Менруерт сіздердің ақылдарыңызға зәру емес" , "Жарайсың Меруерт, батыл қызсың" , "Сын айтылмай ,мін түзелмейді деген,мінсіз адам болмайды ,соны көтере білетін,тыңдай білетін адамдар -ол саналы ,ақылды деп ойлаймын" , "Бізде біреу сын айта бастаса ,бұл менің парақшам ,өзім білемін деп блокқа тығатындарды түсінбеймін" , - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1880503-akylym-zime-zetedi-tsipbaeva-asuyna-tigen-okyrmanyn-ornyna-kojdy/

pixel