Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстан Жоғарғы соты Жапаров, Мамытов және Ташиевті ақтап шығарды

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Садыр Жапаров. Фото: Abylai Saralayev\TASS via Getty Images

Қырғызстанның Жоғарғы соты Садыр Жапаров, Талант Мамытов, Қамшыбек Ташиевті ақтап шығарды. Оларға билікті күшпен тартып алмақ болды деген айып тағылған болатын деп жазады KAZ.NUR.KZ.

16 қазанда Қырғызстан Жоғарғы Соты 2012 жылы билікті күшпен басып алуға әрекет жасады деген айыппен жаңадан ашылған фактілер бойынша істі қайта қарады.

Сот шешімімен Садыр Жапаров, Талант Мамытов пен Қамшыбек Ташиев ақталып шыққан деп жазады 24.kg.

Садыр Жапаров қылмыс құрамы болмағандықтан ақталды. Онымен бірге депутат Талант Мамытов пен МҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев те ақталды", - деп жазған редакция.

Айта кетсек, Қырғызстан МҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев баспасөз конференциясы кезінде елдегі қылмыс әлемінің серкелеріне талап қойып, олардың ешқайсысы екі-үш "лексус" мінбеуі керек екенін айтқан еді.

Еске сала кетсек, Қырғызстандағы жаппай тәртіпсіздіктерден соң ел президенті болған Сооронбай Жээнбеков 15 қазанда отставкаға кетті.

Президент қызметін Жогарку Кенеш спикері Қанат Исаев уақытша атқаруы керек болған. Алайда Исаев бұл қызметтен бас тартты. Осылайша, өкілеттілік үкімет басшысы Садыр Жапаровқа берілді.

Сондай-ақ парламент отырысында депутат әрі Қырғызстан Конституциясы авторларының бірі Өмірбек Текебаев Садыр Жапаровтың алдағы президенттік сайлауға түсе алмайтынын мәлімдеді.

Сонымен қатар Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұржан Шайлдабекова елдегі президент сайлауы мен парламент сайлауы шамамен қашан өтетінін айтқан еді.

Шайлдабекованың айтуынша, парламент сайлауы биыл 20 желтоқсанда, ал президент сайлауы 2021 жылдың 17 қаңтарында өтуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880513-kyrgyzstan-zogargy-soty-zaparov-mamytov-zne-tasievti-aktap-sygardy/

pixel