RU

Елімізде биыл қыс қандай болады: Синоптиктер болжам жасады

Қыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 2020 жылдың қарашасынан 2021 жылдың наурызына дейінгі аралықта елімізде ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Мамандардың болжамынша, айдың бірінші жартысында еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында салқын ауа райы болады. Қарашада жауын (көбінесе қар), қарлы боран, сондай-ақ көктайғақ пен тұман жиі болады деп күтілуде. Айдың бірінші жартысының ең суық күндерінде термометр бағанасы түнде -10-23°C, күндіз -2-10°C дейін төмендейді.

Ал оңтүстікте айдың екінші жартысында жауын (жаңбыр, жылбысқы қар) күтіледі, таулы аймақтарда жауын ертерек жаууы мүмкін. Температура түнде -5-12°С дейін, күндіз -1+5°С дейін төмендеуі ықтимал.

Бір ай бойы жылы күндер аязды күндерге ауысады деп күтілуде, әсіресе елдің солтүстік жартысында.

Солтүстік және шығыс аймақтарда - қараша айының ортасында, еліміздің орталық бөлігінде - қарашаның екінші жартысында, батысы мен оңтүстік-шығысында – қарашаның соңында және желтоқсанның бірінші жартысында, ал оңтүстігінде және оңтүстік-батысында - желтоқсанның үшінші онкүндігінде қар жауады деп күтілуде.

Желтоқсан-қаңтар айларында еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болуы ықтимал. Тек батыс өңірлерінде – жауын-шашын аз болады деп күтіледі, ақпан айында жауын-шашын мөлшері елдің басым бөлігінде нормадан көп, ал оңтүстік-батыс жартысында қалыпты мөлшерде жауады деп болжанып отыр.

Синоптиктердің болжамынша, жалпы 2020-2021 жылдары қыс жылы және жауын-шашын көп түседі. Ал наурыз айы жылы және жауын-шашын мөлшері аз болады.

Еске салсақ, бұған дейін біз еліміздің солтүстігінде қар аралас жаңбыр жауатынын жазған едік.

Одан бөлек, халықтың жаңа жылға дайындықты бастап кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880528-elimizde-biyl-kys-kandaj-bolady-sinoptikter-bolzam-zasady.html