RU

Ұлыбританиялық маман вакцина коронавирусты жоя алмайтынын мәлімдеді

Ресей вакцинасы
Көрнекі фото: Anadolu Agency via Getty Images

Ұлыбритания үкіметінің ғылыми кеңесшісі Патрик Валланстың айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцина пайда болғанымен COVID-19 толығымен жойылып кетпеуі мүмкін деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ұлыбритания парламентінде сөз сөйлеген Валланстың сөзінше, адамзат баласы жоя алған инфекциялық ауру бұл - шешек.

Ал коронавирусқа келсек, маманның пікірінше, бұл жұқпалы аурумен күрес, алдағы уақытта маусымдық тұмаумен күрес секілді болуы мүмкін.

"Менің ойымша, бізде инфекцияны толығымен тоқтататын, шынымен зарарсыздандыратын вакцина болуы екіталай", - дейді Валланс.

Оның ойынша коронавирусқа қарсы вакцина 2021 жылдың көктеміне қарай дайын болмауы да мүмкін.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мәскеу қаласының мэрі Сергей Собянин коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау желтоқсан-қаңтар айларында басталатынын мәлімдеген еді.

Қала мэрінің айтуынша, вакцинация - пандемияға қарсы соңғы жеңіс.

Сондай-ақ Лондон университетінің колледжі мен Корольдік ұлттық комитеттің ғалымдары коронавирустың жаңа симптомын атаған болатын.

СOVID-19 анықталған бірқатар науқас оған дейін құлақтың шуылдауына шағымданған.

Сонымен қатар коронавирустың ауыр түрімен ауырған науқастарда бұл симптом есту қабілетінің жоғалуына айналған жағдайлар болған.

Осыған байланысты ғалымдар дәрігерлерді пациенттердің есту қабілетіндегі кез келген өзгерістерге назар аударуға шақырды. Мамандар коронавирус кезінде құлақтың шуылдауынан басқа да белгілер болатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880540-lybritanialyk-maman-vakcina-koronavirusty-zoa-almajtynyn-mlimdedi.html