RU

Қайрат Нұртас әйелін киноға түсіру үшін продюсерлерге ақша беретіні рас па

Гүлнұр Мамасарипова
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал кинопродюсер Гүлнұр Мамасарипова Қайрат Нұртастың әйеліне фильмдердегі рөлдер қалай берілетіні туралы бар шындықты айтты. Кино саласының маманы Жұлдыз Әбдікәрімова жобаларға мықты актерлік қабілетінің арқасында жиі шақырту алатынын алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гұлнұр Мамасарипова Қайрат Нұртас өз әйелін киноға ақша беріп, кіргізіп жүргені туралы ел арасында тарап кеткен қауесетті жоққа шығарды. Продюсердің айтуынша, керісінше түсірілім тобы Жұлдызға сомдаған рөлі үшін қаржы төлейді.

Кино саласының маманы Әбдікәрімованың актерлік қабілетіне қатысты пікірін айтып, оны өзінің соңғы жобасына аяқ астынан шақыруына не себеп болғанын түсіндіріп берді.

Белгілі болғандай, бұған дейін Мамасарипова хитменнің жарын үш туындысына да түсіргісі келген. Алайда, жұлдызды әулет келінінің жұмыс кестесі тым тығыз болып қалған.

Бұл туралы продюсер "Честно говоря" бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

"Көбісі Жұлдызды негізсіз сынап жатады. Шындығына келгенде, ол сомдаған рөлді Ерке Есмахан ойнау керек болған. "Кеоінжанның" екінші маусымы болғандықтан бізге жаңа кейіпкерді енгізу керек еді. Еркені кастингке шақырып, қарап көрдік. Нәтижесінде Ерке деп шештік. Жалпы бұл рөл Еркенің болмысына шақталып жасалған болатын. Бірақ, біз жазған көп нәрсені жасамадық.

Сосын Еркенің түсірілімге келетініне үш күн қалған кезде әкесі дүниеден озды. Ерке кетті және оның қайта келіп, түсірілім алаңына шықпайтыны анық еді. Мен одан тіпті қайтеміз деп сұрауға батпадым. Үндемей жауып қойдық. Ал үш күннен кейін біздің алаңда сол актрисамыз тұру керек болды. Сосын ойландық, басқа қандай актриса бар деп. Жұлдызды кастинг директор ұсынды. Негізі мен Жұлдызды бұған дейін де сериалдарыма шақырып жүрдім. Бірақ, бір ыңғайы келмеді. Содан кейін Жұлдызға хабарластық. Ол келісіп, түсірілім алаңына келді.

Менің ойымша, Жұлдыз жаман ойнаған жоқ. Ол тәп-тәуір өзінің шамасы жеткенше ойнап берді. Жұлдыздан да нашар ойнайтын актрисалар бар. Оларды көріп жүрміз. Кйде даусын дубляжбен жазғанда әбіржіп кетеміз. Жұлдыздың бұл жердегі бір нәрсесі Қайраттың жары болғандығында шығар деп ойлаймын. Одан басқа ештене көріп тұрғаным жоқ. "Осы сендер ғана жүреді екенсіңдер" деп жатады. Маған тіпті "Осы Қайрат әйелін барлық жерге ақшамен тыға береді екен" деп жазыпты. Біз керісінше, оның әйеліне киноға түскені үшін ақша төлейміз", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1880553-kajrat-nrtas-jelin-kinoga-tsiru-sin-produserlerge-aksa-beretini-ras-pa.html