Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Блок-бекеттегі жол апаты: Судья Азаматовқа шығарылған үкімді түсіндіріп берді

Опубликовано:

Сотталушы Азат Азаматов
Сотталушы Азат Азаматов. Фото: zakon.kz

Қарасай аудандық сотының судьясы блок-бекеттегі жол апаты бойынша Азат Азаматовқа шығарылған сот үкімін түсіндірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Судья Азаматовтың кінәсі толығымен куәгерлердің сөзімен, сараптама қорытындысымен дәлелденгенін айтты.

"ҚР ҚК 345-бабының 1-бабының 4-бөлімімен 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Айыптау актісінде жазаны ауырлату жағдайлары айтылмады. Бұл жағдайларды сот өзі алға тарта алмайды. Соған байланысты сот прокурорға айыптау актісіне өзгеріс енгізу үшін қосымша уақыт берген болатын.
Жаңа актіде Полиция басқармасына келтірілген ірі көлемдегі шығын туралы жазылған. Судья бұл ауырлату жағдайларын ескере отырып максималды 10 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл аталған бап бойынша ең шекті жаза", - деді сотта.

Сонымен қатар Азат Азаматов өмір бойына көлік айдау құқығынан айырылған. Судья жәбірленушілердің азаматтық шағымын түгел қанағаттандырған.

Еске сала кетсек, бүгін Алматы облысындағы №4 блок-бекетте болған жол апаты бойынша бұрынғы полицей Азат Азаматовқа сот үкімі шықты.

Ол 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ ол 66 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Азат Азаматовтың өзі сот залында болған жоқ. Ол отырған изолятор карантинге жабылған.

Айта кетсек, қайтыс болған полицей Дастан Әбдіқановтың туыстары кінәлі Азат Азаматовқа берілген жазамен келіспей отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880567-blok-bekettegi-zol-apaty-suda-azamatovka-sygarylgan-kimdi-tsindirip-berdi/

pixel