Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы жаппай жол апаты: Автобус бірнеше көлікті соғып кетті (видео)

Опубликовано:

Алматыдағы жол апаты
Видеодан кадр: instagram.com/kris_p_almaty

Алматыда Мұстафин көшесінде қоғамдық көліктің қатысуымен жол апаты болды. Оқиғаны мән-жайы анықталуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жол апатының видеосы Instagram желісіндеі kris_p_almaty парақшасында пайда болған.

Кадрлардан іші бос жолаушылар автобусының бірнеше көлікті соғып барып тоқтағанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, автобус жүргізушісі жол апатына кінәлі. Ол қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақтан шығып кетіп, автотұрақтағы көліктерге соғылған.

Жаппай жол апатына қатысты Алматы қаласы полиция департаменті пікір білдірді.

"Автобусты басқарған 1982 жылы туған жүргізуші Мұстафин көшесімен солтүстік бағытта "Орбита-1" ықшамауданындағы №21 үйге қарама-қарсы тоқтаған кезде, автобустың өздігінен қозғалуына тұрақта тұрған өзге де көліктерді соғуына жол берген. Қазіргі уақытта Бостандық аудандық полиция басқармасы аталған фактіні тіркеуге алып, тергеу жұмыстары жүргізілуде", - дейді Алматы полиция департаменті.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы-Екатеринбург тас жолы маңында өз көлігін жөндеп жатқан 58 жастағы ер адамды "ГАЗель" жүргізушісі қағып кеткенін хабарлаған едік. Зардап шеккен ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Сондай-ақ елордада мас күйінде көлік тізгіндеген келіншек жол апатын жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1880574-almatydagy-zappaj-zol-apaty-avtobus-birnese-klikti-sogyp-ketti-video/

pixel