Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапаров өзінің не себепті босатылғанын, Атамбаевтың не себепті қайта қамалғанын айтты

Опубликовано:

Садыр Жапаров
Фото: gov.kg

Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров өзінің не себепті түрмеден босатылып, Алмазбек Атамбаевтың не үшін қайта қамалғанын түсіндіріп берді деп жазады KAZ.NUR.KZ 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Президент міндетін уақытша атқарушы Садыр Жапаров Al Jazeera телеарнасына сұхбат беріп, Алмазбек Атамбаевтың алдымен босатылып, содан кейін не себепті қайта қамауға алынғанын айтқан.

Журналистердің сөзінше, көптеген қырғызстандықтар мұны тікелей қарама-қайшылық деп санайды.

Өз кезегінде Садыр Жапаров Қырғызстан халқы оның саяси себептермен түрмеге түскенін білетінін мәлімдеді.

"Бұл саяси қудалау болды. Маған қатысты қылмыстық істе мүлдем ештеңе жоқ. Мен ол кезде шетелде болғанмын. Жеті-Оғыз тұрғындары губернаторға қарсы тұрып, оқиға Қаракөлде болғандықтан маған осы істі ойлап тапты. Мен елде болған жоқпын, бірақ бәрін жаба салды", - дейді Жапаров.

Премьер-министрдің сөзінше, 2017 жылы елге оралған кезде оны Алмазбек Атамбаев Саруу ауылындағы тәртіпсіздіктің ұйымдастырушысы деп темір торға қамаған.

"Шын мәнісінде, Алмазбек Атамбаев қылмыс жасады. Ол криминалды беделді тұлға Азиз Батукаевты заңсыз босатты. Ол осы үшін сотталған. Қой-Таштағы оқиға бойынша: әскери қызметкерге оқ атты. Осы үшін де ұсталды. Кеше (9 қазанда - ред.) ол жағдайды тұрақсыздандырып, билікті күшпен басып алуға тырысты. Осы үшін оны қамауға алды", - дейді Садыр Жапаров.

Еске салсақ, 6 қазанға қараған түні Бішкектегі наразылық акция кезінде бостандыққа шыққан елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 10 қазан күні қайта ұсталған еді.

Саясаткер Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында тұтқындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880588-zaparov-zini-ne-sebepti-bosatylganyn-atambaevty-ne-sebepti-kajta-kamalganyn-ajtty/

pixel