Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетті

Опубликовано:

Илияс Мұхамеджан1
Фото: Facebook.com/iliyas.mukhamedzhan

Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ілияс Мұхамеджан қызметінен кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ілияс Мұхамеджан өзі үш жыл атқарған қызметтен кетуін басқа жұмысқа ауысымен түсіндірген.

"Қымбатты достар, құрметті Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары! Басқа жұмысқа ауысуға байланысты мен Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетемін. Бірінші кезекте облыс тұрғындарына қолдау мен түсіністік үшін, мен алғысымды білдіргім келеді!", - деп жазды ол Facebook парақшасында.

Сонымен қатар Ілияс Мұхамеджан облыс басшылығы мен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке де алғысын жеткізген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыровтың қызметінен кеткенін хабарлаған едік.

Кейін ол қызметінен кету себебін түсіндіріп, бұның басқа жұмысқа ауысуымен байланысты екенін түсіндірді.

Айта кетейік, Надыров Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып 21 сәуірде тағайындалған еді. Алайда шенеуніктің коронавирус инфекциясын жұқтырып алуына байланысты оған жұмысын кейінге қалдыруға тура келді.

Ауруынан айыққан Надыров 2 маусымда жаңа қызметіне кіріскен болатын.

Алматы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болғанға дейін Қамалжан Надыров Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасынының басшысы, Денсаулық сақтау вице-министрі қызметін атқарған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1880592-sko-densaulyk-saktau-baskarmasyny-bassysy-kyzmetinen-ketti/

pixel