Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар қаласының әкімі айлық табысын жария етті

Опубликовано:

Ержан Иманислам
Ержан Иманислам. Фото: facebook.com/erzhan.imanslyam

Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманислам айына қанша жалақы алатынын айтты. Шенеунік "Сыбайлас жемқорлық біз үшін емес!" республикалық акциясының шеңберінде тікелей эфир жүргізген деп жазады KAZ.NUR.KZ әкімнің Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Қала басшысының сөзінше, ол әріптестері бастаған эстафетаны жалғастырған. Ержан Иманислам эфир кезінде айлық жалақысын айтты.

"Павлодар әкімі ретіндегі менің жалақым 484 363 теңгені құрайды", - деді ол.

Айта кетсек, осы уақытқа дейін бірнеше шенеунік өздерінің жалақысын жария еткен еді. Мәселен, Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековтың айлық табысы 387 мың теңге.

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев салықтар мен зейнетақы аударымдарын шегергенде қолына 380 мың теңге алатын болып шықты.

Осыған дейін жалақыға қатысты сұраққа Қостанай қаласының әкімі де жауап берген еді. Шаһар басшысының cөзінше, ол айына 484 мың теңге алады.

Ал Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің жалақысы 766 000 теңгені құрайды, бұл қала басшысының жалақысынан 300 000 теңгедей артық.

Сонымен қатар Мемлекеттік қызмет істері агенттігі басшысы ОКҚ-дағы онлайн брифингте мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру арқылы сыбайлас жемқорлықты жоюға бола ма деген сауалға жауап берген болатын.

Анар Жайылғанова шенеуніктердің санын қысқарту арқылы президенттің тапсырмасы бойынша қалған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын көтеру жоспарланып отырғанын еске салған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880596-pavlodar-kalasyny-kimi-erzan-imanislamny-zalakysy-kansa/

pixel