RU

Әйгілі композитордың немересі депутатты сотқа бермек

"Атамның әнін ұрлағаны үшін Бекболат Тілеуханды сотқа беремін!" 

Әйгілі әнші, композитор Ғарифолла Кұрманғалиевтің немересі Меруерт Құрманғалиева белгілі әнші, қазіргі мәжіліс депутатын "Елім менің" әнін заңсыз иеленіп алған деп айыптап отыр.

Ал, халық калаулысы бұның өз атына жағылған күйе екенін айтады.

Өйткені 1970 жылдары қазақ композиторлары қазіргідей емес, сөзге қарап ән жазған.

Және 5 буыннан тұратын рифма,  ол кезде болған емес, дейді.

Айта кету керек, Бекболат Тілеухан орындайтын, сөзін президент Нұрсұлтан Назарбаев жазған "Елім менің" әнін бір кездері жұртшылық еліміздің әнұранына ұсынған болатын.

Әйгілі әнші, Қазақстанның халық әртісі Ғарифолла Құрманғалиевтің немересі атасының бұрын жарияланбаған әнін осыдан 5 жыл бұрын тауып алғанын айтады. Музыка саласын зерттеп жүрген ғалым Меруерт Құрманғалиева әнді фортопянода ойнап корген соң, ноталарын сараптамаға да беріпті. Ақыры оның Бекболат Тілеухан иемденіп жүрген "Елім менің" әні екеніне көзім жетті, дейді.    

МЕРУЕРТ ҚҰРМАНҒАЛИЕВА, ҒАРИФОЛЛА ҚҰРМАНҒАЛИЕВТІҢ НЕМЕРЕСІ:

- Менде ең бірінші құжат бар. 1977 жылы жазылған ән. Оны Бекболат емес, Ғарифолла атам жазған. Егер сот шешпесе, аруақтар шешеді. Олар шешпесе тарих шешеді. Бәрі орнына келеді. 

Мәжілісмен Бекболат Тілеухан бұл дау белгілі журналист Гүлжан Ерғалиеваның биыл жарық көрген жаңа сайтын сынауымнан басталды, дейді. Әншінің айтуынша, өзіне кінә таққан мақаланы Меруерт Құрманғалиева тамыз айында дәл осы сайтқа жариялапты. Бүгінге дейін қарсы пікір айтпағаным, ардан аттаған сайтты жарнамалағым келмеді, дейді. Ал, "Елім менің" әнін Бекболат Тілеухан 1996 жылы өзі шығарған. 

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, "ЕЛІМ МЕНІҢ" ӘНІНІҢ АВТОРЫ:

- 56 - 1977 жылдары, тіпті 1993 жылға дейін қазақ поэзиясында 5 буыннан ұйқасатын рифма болған жоқ. "Қазақстаным, жасыл орманым, жасыра алмадым" дейтін 5 буыннан тұратын ұйқас болған жоқ қазақ поэзиясында!

Бекболат Тілеуханның айтуынша, қазақ композиторлары ән шығарған кезде ең бірінші сөзге импровизация жасаған. Ал, композитор Ғарифолла Құрманғалиев сөзі жоқ әнге құры музыканы шығармаған, ол кісінің шығарған әндері 7-8 буынды жыр үлгісіндегі немесе 11 буынды қара өлең үлгісінде, дейді. Әнші менікіндей рифма қазақ поэзиясында Исраил Сапарбаев пен Тұманбай Молдағалиевке дейін мүлдем болған емес, дейді.  Сондықтан, күйе жаққандардың өзін сотқа бермек.

БЕКБОЛАТ ТІЛЕУХАН, "ЕЛІМ МЕНІҢ" ӘНІНІҢ АВТОРЫ:

- Мен оны сотқа бермейді екенмін, алдымен "сен бұл айтқанынынан қайт" деп хат жазуым керек екен. Ал айтқанынан қайтпаса ғана сот менің шағымымды қабылдайды екен. Маған солай істеуге тура келіп тұр.

Қазақ эстрадасында бұндай келеңсіздік бірінші рет туындап отырған жоқ. Белгілі сазгер, әнші Марат Ілиясов та Алтынбек Қоразбаевты сотқа берген. Бірақ, сот айыпталушы жақты қорғап шықты. 

БАЛНҰР ҚЫДЫРБЕК, ҚАЗАҚСТАН КОМПОЗИТОРЛАР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

- Ана жақта Қоразбаевқа қарсы шығып жатыр, мына жақта Бекболат Тілеуханға қарсы шықты. Бұл кездейсоқ нәрсе емес. Бұл өнердің әуесқойларға соғыс жариялағаны деп санаймын. Кәсіби өнер барлық уақытта жеңіп шығады!

Меруерт Құрманғалиева мен Бекболат Тілеуханның арасындағы даудың соңғы нүктесін тек сот қоймақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/195464-ejgili-kompozitordyn-nemeresi-deputatty-sotka-bermek.html