RU

Алматыда жеңгетай қызды "жезөкше болмасаң маған 100 мың бер" деп бопсалаған (видео)

Алматыда қала көркіне нұқсан келтіретін жезөкшелерден тазарту операциясы жалғасуда.

Бүгін полиция 19 жасар бірнеше бойжеткенді тән бизнесіне мәжбүрлеген кезекті жеңгетайды ұстады. Жалпы, жыл басынан бері 30 көше қадағалаушысы құрықталыпты. 

Бүгін полиция әрі жезөкше әрі әккі жеңгетайды желкеледі. Ол үш бойжеткенді ұзақ уақыт тән бизнесіне салып, ақшасын санап алып отырған. 

- Сағатына 3 мың

- Клиент көп па? 

- Когда как. 

Гүлнәз қарамағындағы қыздарды клиенттермен өзі таныстырып, табыстырады. Ақшаны қағып алатын да өзі көрінеді. 

- Квартираны өткізіп отырдым, сағатына 500 теңге 

Гүлнәз әмбебап,- дейді полицейлер. Клиенттер келгенде қыздар бос болмай қалса өзі қызмет ете береді екен. Оған қарамағындағы қыздарды қысып ұстауға Жұмабай деген азамат көмектесетін көренеді. Қылмыс әлемінде ол "Жума" деген лақап атпен танымал. 

ТАҢАТ НАЗАНОВ, А.Қ ІІД ҰҚКБ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

- Бізге Татьяна деген шағымданды. Оны жеңгетай телефонын тартып алып, мәжбүрлеген. Үйіне барып егер жезөкше болмасаң онда маған 100 мың бер деп бопсалаған. 

Бүгінде Сейфуллин даңғылының төменгі бөлігі былыққа белшеден батқан. Нашақор да, жезөкше де осында. Халық бұндағы арсыздықтан арылу үшін Саин көшесі сынды барлық қонақ үйді талқандап, жол айрығын салып тастау керек деп есептейді.

Жалпы, шаһарда жыл басынан бері 16 жезөкшелер ордасына қатысты қылмыстық іс қозғалған. Адам саудасына қатысты 7 оқиға тіркелсе, адам ұрлау фактісі 6. Ал, полиция тұзағына түскен жеңгетайлар саны 30. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/195483-almatyda-zhengetaj-kyzdy-zhezokshe-bolmasan-magan-100-myn-ber-dep-bopsalagan-video.html