RU

Жедел жәрдем хирургі операциядан шыққан науқасты зорламақ болды

Алматыда көптің жағасын ұстатқан озбыр қылық орын алды. 

Қалалық жедел жәрдем  ауруханасының хирургі науқас қызды зорламақ болған, деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Жәбірленушіге жақын күндері ғана операция жасалған екен. 

Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні орын алған оқиға емхана ұжымының да есін алып отыр. 25 жастағы науқастың операциядан шыққанына бір апта да болмаған.

Арам пиғылын іске асырмақ болған дәрігер түнгі сағат  екілер шамасында кереуетке таңылған аруға бас салыпты. 30 жастағы хирургтың арам пиғылын іске асыруына жанындағы дәрігерлер бөгет  жасаған.  

Көпе-көрнеу жыныстық қатынасқа түспек болған хирург бас салғанда қыз бала айғайға басқан көрінеді. Бірақ аурухана  ұжымы аталмыш оқиғаға қатысты ләм-мим деп жауап бермеді. Қазір іс тергелуде. Ал күдікті елден кетпеу туралы хат толтырып, бостандыққа жіберілген.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы:

-  Сараптама және өзге де тергеу амалдары жүргізіледі. Содан кейін қылмыстық істің қозғалу, қозғалмауы шешіледі.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/195944-zhedel-zherdem-hirurgi-operacziyadan-shykkan-naukasty-zorlamak-boldy.html