RU

Колумб Америка аборигендерімен күрделі қарым-қатынасы туралы айтты

Американы алғаш рет ашқан испаниялық саяхатшы Христофор Колумбтың Еуропада тұратын аттас ұрпағы BBC агенттігіне сұхбат берді. 

Замандасымыз Христофор Колумбтың әкесінің де аты Христофор болатын. Ол 1986 жылы баск сепаратистерінің шабуылынан кейін көз жұмды.

Қазір атақты саяхатшының ұрпағы Ост-Индия адмиралы мен губернаторы лауазымына ие. Сонымен қатар ол Испания әскери-теңіз флотының офицері, Варагуас герцогы мен Ямайка маркизы болып табылады.

"Мен Америка құрлығының топрағына атап айтқанда Доминикан Республикасының Санто-Доминго портына алғашқы рет 1972 жылы аяқ бастым" - дейді Христофор. 

"Христофор Колумб болу өте қиын. Әсіресе ресми қағаздар толтырған кезде немесе әуежайда паспорт бақылауынан өткенде кезде. Адамадар менің аты-жөнім туралы көп сұрақ қояды. Уақытым болғанда мен шығу тегім туралы айтып отырам, уақытым жоқ кезде ойыма келгенді айта салам"

Сұхбат барысында ол Америка құрлығының байырғы халқы мен олармен күрделі қарым қатынасы туралы айтты. 

Америка тұрғылықты халқының көбісі бұл құрлықты ашқан атасын жақтырмай оған да шүбәмен қарайды. Саяхатқа барған кезде ол үндістердің құқығын қорғаушылардың жақтырмауы салдарынан жиі қиыншылықтарға тап болады. 

Менің тамырларымда Монтессума 2-нің де қаны бар, сондықтан мен испандықтардың байырғы жергілікті тұрғындарға қатысты дискриминация жасалмағанының дәлелімін - дейді Христофор. 

Жергілікті тұрғындардың құқық қорғаушылары бұнымен келіспей оған наразылық білдіруде. Бірақ Колумб оны "саяси мәселе" деп атайды: "Менің аталарымды бұл мемлекеттерде орын алған қайғылардың барлығы үшін кінәлап жүр. Бірақ Колумб тек зерттеуші саяхатшы ғана болған. "Тұңғыш ашушы" мен "шапқыншының" арасында өте үлкен айырмашылық бар"

Бұл мемлекеттердегі Колумбтарға деген көзқарас жалпы Еуропа мен батыс елдеріне қарсы көзқарасты бейнелеп көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/198195-kolumb-amerika-aborigenderimen-kyrdeli-karym-katynasy-turaly-ajtty.html