RU

Төсек қатынасы адамды есінен тандырады

Секс адамды ақыл-есінен айырады екен. 100 мың адам­ның ішінде төсек ләз­заты­нан амнезияға ұшырау жағдай­лары 3-5 рет кездесуі мүмкін. 

АҚШ-тың Джорджтаун уни­верситеті ғалымдарының мұндай қорытынды жасауына 54 жастағы әйелдің диагнозы себеп болды.

Пациент өзінің бір тәулік бойы не істегенін есіне түсіре алмағандықтан, Вашингтон ауруханасының дәрі­герлеріне көрінген.

Ақ халатты­лардың анықтауынша, әйел күйеуі­мен болған төсек қатынасы кезінде есте сақтау қабылетінен айырылған.

Ғалымдар оның "өтпелі ауқымды амнезиядан" зардап шеккенін айтып отыр. Бірақ әйелдің миына ешқандай зақым келмеген, мұқият емделген соң, оның ақыл-есі қалпына түседі. Мұндай ауру 100 мың адамның ішінде 3-5 рет кездеседі екен. Амнезия төсек қатынасынан ғана емес, ауыр көтеру немесе бала босанудан да болады.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/198557-tosek-katynasy-adamdy-esinen-tandyrady.html