Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік ақсақал жасартатын дәрі ойлап тапты

Опубликовано:

Ақтөбелік зейнеткер жасартатын дәрі ойлап таптым деп отыр. 

Алатаудың бөктерінен табылған қасиетті шөпті қария адамзаттың Аллаға тартқан тағы бір сыйы дейді. Өйткені шынымен-де қасиетті шөптің шипалы тамырында Алланың аты бейнеленіпті.

ОРДАБАЙ САНДЫБАЙҰЛЫ- ЗЕЙНЕТКЕР: 

"Мынау айдаhар шөптегі „Аллах“ деген белгі. Мынау әліп астында жатырған. Сосын „Аллах“ мынау ап-анық көрініп тұр".

Мешіт имамдары да шөпті көрген уақытта шынымен оның тамырындағы "Алла" деген жазу екенін растап беріпті. Бұл өсімдік Алатаудың шыңынан қазып алынған. Пайғамбар жасына келген Ордабай, ақсақал өзі тапқан шипалы шөпті қайнатып ішкелі екі мүшел жасқа жасардым деп отыр. Қазір қамал алатын қуаты болмаса өзін қырықтағы жігіттей ширақ сезінетінін айтады. Айтса айтқандай, өңі-де едәуір жас көрінеді.

ОРДАБАЙ САНДЫБАЙҰЛЫ- ЗЕЙНЕТКЕР: 

"Қанды тазартады да, түйіліп қалған жерлердің барлығын ашады. Барып жүрекке әсер етеді. Егер жүрек жасаратын болса, адамның ағзасы толығымен толық қайта жасарады".

Тамырдың басты қасиеті оның сөлінде екен. Бұл сұйықтық өте ащы болады. Сондықтан оны, ақсақал "айдаhар шөп" деп атайды. Қария осы сығындыны балға араластырып, сарғалдақтың ұнтағын қосып, дәрі түйіршіктерін даярлаған. Жасартатын дәрінің сал ауруына ұшыраған балаларға да шипалы екенін дәрігерлер-де байқай бастаған секілді. Ол осы дәрімен балалар үйіндегі науқас сәбилерді емдеуге рұқсат алыпты.

РОЗА ҮСЕНОВА — "ҮМІТ" СӘБИЛЕР ҮЙІНІҢ ПЕДИАТРЫ: 

"Ол емнің балаларға зияны жоқ. Балалаар тынышталады. Жылап, мазасызданып, ұйықтай алмайтын балалар тыныш, ешқайсысы жылаған жоқ,тып-тыныш жатыр. Бұлар туа біткен жүйке ауруларымен ауыратын балалар. Олар жазылып кетеді деп айтуға болмайды".

Ал Ордабай, ақсақал, ойлап тапқан шипалы дәрісін өндіріске шығарғысы келеді. Қарияның ойын жүзеге асыруға көмектесетін адамдар табылса, тіпті түскен пайдадан бір тиын да алмас едім дейді. Емшінің жасартатын дәрісі әсіресе мәңгілік өмірді армандап шарық-ұрып жүргендер үшін үлкен сый болар еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/health/199230-aktobelik-aksakal-zhasartatyn-deri-ojlap-tapty/

pixel