RU

Өзбекстандық қыздар Алматы тұрғын үй пәтерін жезөкше ордасына айналдырды (видео)

Алматыда тән бизнесін қыздырып жүрген қылмыстық топ тұтқындалды. 

7 жезөкшені саусаққа матаған жеңгетай да, көшеден клиент арбаған делдалда кісенделді.

Күдіктілерге қарсы қылмыстық іс қозғалып, түгелдей дерлік абақтыға тоғытылды. 

Түрксіб ауданындағы жезөкшелер ордасына айналған тұрғын үйдегі жыноайнақтың шырқын күтпеген жерден полиция бұзды. Сыраға масайғандар "камасутрадан" кім мықты деген сауалдың жауабын іздеп, жарыс ұйымдастырып жатқан еді, бұл кезде. Алайда, "құдайы қонақтар" әләуләйімді мәресіне жеткізбей, үзді. 

Жіпке тізілген 7 жезөкшеде Өзбекстан азаматшалары. Ешқайсында, не құжат не медициналық кітапша жоқ. Яғни, іздеудегі қылмыскер ме әлде қауіпті ауру таратушысы ма ешкім білмейді. Бастысы өзгелер үшін бұлар табыс көзі.

Ал, олардың қадағалаушысы яғни қылмыс тіліндегі "мамалары" Ләззат атты мына келіншек. Үйде осы жеңгетайдың атында. Яғни, табысты бизнес үшін ол баспанасын былықжайға айналдырып қойған. 

Ал, мына 45 жастағы келіншек клиентпен бикештерді табыстырушы делдал. Қылмыс тілінде бұндайларды "зазывала" дейді. 

Таңат Назанов, А.қ ҰҚКБ бөлім бастығы: 

- Жалпы, күрес күшейіп, қылмыскерлер тұтқындалып жатсада тән бизнесін кәсіп еткендер азаймай тұр. Жыл басынан бері, қаламызда адам саудасына қатысты 6, тағы сонша адамды еркінен тыс бостандығнан айыру фактісі тіркелген. 18 женгетай тұтқындалса, 20 жезөкшелер ордасы талқандалған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/200393-ozbekstandyk-kyzdar-almaty-tyrgyn-yj-peterin-zhezokshe-ordasyna-ajnaldyrdy-video.html