Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан жезөкшелері Алматыдағы клиенттеріне "садо-мазо" ойындарын үйретті

Опубликовано:

Алматыда кезекті жезөкшелер ордасы талқандалды. 

Бұндағы, бикештер жігіттерді жинап алып, "садо-мазо" ойынын үйретіпті. Тіпті, біздің "мектепте" белгілі саясаткерлер де білім алады, - деп мақтанады. Мазахизмшылар уақытша оқшаулау орталығына қамалды.

Ясмин атты жезөкшелер ордасының ханымы 5 жылдардан бері "Тузиктерді" қамшысымен шырқ үйіріп келеді екен. 

Ясмин:

- Тузик немесе басқа иттердің рөлін ойнағысы келгендер үшін бізде арнайы орын бар. Түсінетіндер үшін біз "Тузик па? Олар анау жерде" деп айтамыз.

Ясминның "Тузиктері" дегеніміз жезөкшелер ордасына желік қуып келген жігіттер. "Садо-мазо" ойынының шарты бойынша, иттер ханымның айтқанын бұлжытпай орындайды. Көзперде байлаған келіншек қолынан қамшысын тастамайды. Ол, клиенттерін кісендеп, сабап, қиялындағының бәрін істейді. Ұрады, азаптайды. Жігіттер содан кейін, жыныстық қатынасқа түссе керемет ләззат алады мыс. 

Ясмин:

- Олар мында жатады. Мен олармен қатынасқа түспей, "Тузиктерге" тек аяғымды иіскетем. 

Еркектерді ит ету сабағын тыр жалаңаш 6 жезөкше бақылап тұрады. Олардың дер кезінде, атқарар өз жұмыстары бар. Ясминнің айтуынша, "садо-мазо" ойынына тіпті белгілі саясаткерлер де арнайы келіп қатысады. Олардың, есімдерін құпия сақтап қалған қызойнақ ханымы өздерінің тез арада полиция тұзағынан құтылатындарына сенімді. Сондықтан, бейнекамера алдында да қысылмай ойқастады. "Садо-мазохизм" психологиялық ауытқу көрсеткіші екенін дәрігерлер баяғыда дәлелдеген. 

Саясаткерлердің есімдерін құпия сақтап қалған қызойнақ ханымы өздерінің тез арада полиция тұзағынан құтылатындарына сенімді

Таңат Назанов, А.қ ІІД ҰҚКБ бөлім бастығы: 

- Бізге шағым түсті. Осы жерде, жеңгетайлық фактісі анықталды. Тергеу басталады. Жыл басынан бері, 30 жеңгетайлық фактісі әшкереленді. 

Торға түскен 11 жезөкшемен топтың ханымы ішкі істер департаментіне жеткізілді. Бұлардың 9-ы Өзбекстан азаматтары. 5 жыл бойы қазақ еркектерін итше сабап, аяғын сүйдіріп келген Ясминнің де елімізде жүруге еш рұқсаты жоқ болып шықты. Қызойнақ ашып, сағатына 10 мың теңгеден сыпырған кірмелердің қолдаушымыз бар дегені де рас шығар деген, күдік туды. Жезөкшелер уақытша оқшаулау орталығында қамалды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/201133-ozbekstan-zhezoksheleri-almatydagy-klientterine-sado-mazo-ojyndaryn-yjretti/

pixel