Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік өнертапқыш зілзалаға қарсы амал ойлап тапты

Опубликовано:

Құран сүрелерінде жазылған "Хуруф-ул Мұқатта-а" әріптері жер сілкінісі мен табиғат апаттарына қарсы тұра алады. 

Ақтөбелік Ордабай Сандыбайұлы айтулы ілімді 20 жыл бойы зерттеп, осындай тоқтамға келіпті. Құран хадистерінде жазылған 14 әріпті мұнараларға жазар болса, елде бейбітшілік орнап, табиғат апаттары болмайды,-дейді ол.

Алматы қалалық әкімдігі, ақтөбелік азаматтың зерттеулеріне құлақ түріп, шахардағы Президент саябағына бейбітшілік мұнарасын орнатып, оған құран әріптерін жаздырыпты.

Мұнара бір жылдан бері саябақтың қақ ортасында тұр. Сәулеті ерекше. Төртбұрыш, пирамида мен жұмыртқа кескіні жер мен көктің байланысын білдіріп тұр,- дейді Ордабай, ақсақал. Енді ол осы іспеттес мұнараларды еліміздің өзге-де аймақтарына орнатуды ұсынып отыр.

ОРДАБАЙ САНДЫБАЙҰЛЫ — ӨНЕРТАПҚЫШ: 

"Негізінде бұл шаңырақта тұруы керек. Диаметрі 7 метр, 14 әріп шаңырақтың айналасында алтын түстес белгіленіп, ол 4 метрлік бағанада тұруы тиіс еді. Сосын айналасының тағы белгілі құрылыстары бар. Солтүстіктен оңтүстікке дейін 150 шақырым қашықтықта, осы әріптерді шаңыраққа белгілеп қойса қазақ жерінде барлық табиғи апаттар болмай, табиғи апаттардан аман қалады деп толық айта аламын".

Алиф, лям, мим сынды мына араб әріптері құранның 114 сүресінің 29-ында жазылған. Әрбір әріпті бөлек қарағанда ешқандай мағынасы жоқ. Бірақ оны зерттеген ғалымдардың пікірі әртүрлі. Бірі оның еш мағынасы жоқ десе, енді бірі бұл әріптер бекер жазылмаған деп отыр".

Алиф, лям, мим сынды мына араб әріптері құранның 114 сүресінің 29-ында жазылған. Әрбір әріпті бөлек қарағанда ешқандай мағынасы жоқ. Бірақ оны зерттеген ғалымдардың пікірі әртүрлі. Бірі оның еш мағынасы жоқ десе, енді бірі бұл әріптер бекер жазылмаған деп отыр".

14 әріпті қосқанда "Бір Аллаға аян" деп оқылатын құран сөздері табиғат апаттарына қарсы тұра алады деп Ордабай, ақсақал ғалымдарға айтыпты. Ал, дін қызметкерлері құранның ешбір хадисінде нақты жер сілкінісіне қарсы аят жоқ дейді. Бірақ, құранның құдіреті күшті екенін жасырмайды. Әрбір Хурфул мұқатта-а әріптерінің сауабы 10 сауапқа тең екен.

АСЫЛБЕК ӘУЕЗХАНҰЛЫ — ҚМДБ УАҒЫЗ-НАСИХАТ БӨЛІМІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

"Менің жеке пікірім бұл хуруф ул мұқатта-а жайында көп әңгіме қозғамаған дұрыс. Ол Алланың сыры деген сөз өте дұрыс нәрсе. Ол жөнінде ашық айтылмаған. Ал оның астарында мынадай мағына жатыр, зілзаланың болатынын-болмайтынын білдіреді деп оның астарын іздеп, зерттеп қазбалап жату бұл дұрыс емес".

Осылайша, қарт өнертапқыштың бұл жаңалығына әзірге ешкім қызығушылық танытып отырған жоқ. Енді Ордабай Сандыбайұлы өзге аймақтардың әкімдерінен көмек сұрамақ ниетте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/203132-aktobelik-onertapkysh-zilzalaga-karsy-amal-ojlap-tapty/

pixel