RU

Ауған соғысының ардагерлері Мәсімовтың отставкаға кетуін талап етті

Ұятыңыз бар ма, Мәсімов мырза? 

Алматыда Ауған соғысының ардагерлері бүгін осындай сұрақты төтесінен қойды. Олар Елбасы Жаңаөзендегі қырғын үшін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев пен "Самұрық-Қазына" басшысы Құлыбаевты жұмыстан қуды.

Ал, әлеуметтік мәселеге назар аудармай 7 ай бойы үндемеген Үкіметтің басшысы сол орындығында әлі отыр. Мәсімов отставкаға кетуі керек дейді.

Сондай-ақ ауған соғысы ардагерлері аштан бұратылған мұнайшыларды абақтыға қамап, жазалау доғарылсын деген талап қойып отыр. Олардың пайымынша 17 адам қаза тапқаны үшін бір-екі шендіні жұмыстан шығару өте жеңіл жаза. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/204997-augan-sogysynyn-ardagerleri-mesimovtyn-otstavkaga-ketuin-talap-etti.html