RU

Қарағанды облысында әйел қызының көзінше өз анасын өлтірді

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Ералиев ауылында 40 жасар әйел өз анасын туған қызының көзінше өлтірген. Бұл туралы BNews.kz АА тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады. 

"4 ақпанда сағат 22:30 шамасында Ералиев ауылында іш қуысына пышақ салынған жарақатпен 75 жасар әйелдің мәйіті табылды", - делінген ІІД хабарламасында. 

Полиция мәліметтеріне сәйкес, ІІБ шұғыл-тергеу тобы зейнеткердің ешқайда жұмыс істемейтін және облыстық психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған 40 жасар қызын тұтқындады. 

Қылмыс күдіктінің 14 жасар қызының көз алдында орын алған, кішкентай куәгердің полиция қызметкерлеріне хабарлағанындай, сол күні кешке анасы мен әжесінің арасында ұрыс шығып, ашуға салынған анасы асүй пышағын алып әжесіне іш қуысына бірақ салған. 

Қазіргі уақытта күдікті әрі қарай емделу және сараптамадан өту үшін облыстық психоневрологиялық диспансерге жатқызылды.

 

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/208443-karagandy-oblysynda-ejel-kyzynyn-kozinshe-oz-anasyn-oltirdi.html