RU

Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең бай жұлдыздар тізімі жарияланды

"Үздік 10 байшыкеш әртістердің" тізіміне былтыр бірде бір миллионер өнер жұлдызы ілінбепті. 

Бір миллион доллар табыс тапқан әртіс табылмағаны рас екен. Себебі, той тойлағыш қазекем, ресейлік жұлдыздарды ғана шақырып, өз отандастарымызды напақасынан айырыпты.

Отандық шоу-бизнестің басты табысы күйтабақ пен жеке концерттік бағдарламалардан түспейді. Әр әншінің жейтін наны – ол корпоративті кештер мен қазақтың той-томалақтары.

Қазақстандағы Forbes журналының зерттеген, елімізде сұранысқа ие болған шоу-бизнес өкілдерінің ішіндегі "Үздік 10 қалталы әртістер" тізіміне назар аударайық.

Бұл тізімнің 1-ші орнын "МұзАрт" тобы иеленді. Халық сүйсіне тыңдайтын топтың жылдық табысы 800 мың АҚШ долларын құрады. Yandex іздеу жүйесінде 146 393 сұраныс көрсеткішін айқындады. "Ғашық жүрек" фильмінде ойнаған Мейрамбек Бесбаевтың 1 күндік қаламақысы 7000 АҚШ доллары болған екен. Ал 2011 жылы "МұзАрт" тобы жайлы деректі фильм түсірілген.

Екінші орындағы Батырхан Шүкеновтің жылдық табысы 720 мың АҚШ долларын құрап, Yandex порталында 67 998 ақпарат сұранысын көрсетті.

Мейрамбек Бесбаевтың 1 күндік қаламақысы 7000 АҚШ доллары болған екен

Продюсер Баян Есентаева бір жылда 700 мың АҚШ доллары көлемінде табыс тауып, үшінші орынға ие болды. 

Әнші Дильназ Ахмадиеваның табысы 370 мың АҚШ доллары болса, Роза Рымбаеваның жылдық табысы 350 мың АҚШ долларын құрады. Әнші жайлы 138 793 ақпарат сұранысы Yandex іздеу жүйесінде тіркелді. 

"Ең тартымды әнші" Мәдина Сәдуақасованың жылдық табысы 300 мың АҚШ долларын көрсетіп, әнші жайлы Yandex іздеу жүйесінде 70395 ақпарат сұранысы тіркелді.

Мақпал Исабекованың жылдық табысы 250 мың АҚШ долларын құраған.

Әсел Сағатованың жылдық табысы 97 мың АҚШ долларын көрсетті. Ал ғаламтордағы ақпараттар сұранысы 77 434 екен.

FM тобы жылына 300 мың АҚШ доллары табысымен "Үздік 10 қалталы әртістер" тізімін аяқтайды. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/209667-kazakstan-shou-biznesindegi-en-baj-zhyldyzdar-tizimi-zhariyalandy.html