RU

Пластикалық хирургияның құрбандарына айналған танымал адамдар (фото)

Олар жастық, сұлулық, танымалдылықтың соңынан қуамыз деп пластикалық дәрігерлердің тұрақты клиенттеріне айналған. Алайда төмендегі фотосуреттер олардың ниеті кейде ауыр зардаптарға соқтыратынына дәлел. 

Дженис Дорин Дикинсон (1955) - танымал америкалық модель, продюсер, актриса және фотограф. Өзін әлемдегі тұңғыш супермодель атап кеткен. Өзінің жас қалпының құпиясы пластикалық хирургияда жатқандығын жасырмайды. 

Пластикалық хирургтарға жылына кем дегенде 2-3 мәрте жол тартатын модельді балалары қанша жерден ойынан айнытуға тырысса да, түк шықпай жүр. 

"Карнавал түні" фильмінің жұлдызы Людмила Гурченко алғашқы пластикалық отаны 1973 жылы жасатты деседі. Актриса қартаюдан қорқатынын және "өле-өлгенше операция" жасататынын үнемі тілге тиек ететін. 

Жалпы актриса әрі әнші бас-аяғы 8 пластикалық ота жасатқан деседі. 2011 жылы ол дүниеден озғанда, ресейлік БАҚ өкілдері әртістің өліміне көптеген операциясы себеп болды деп жарыса жазған еді.  

Бұл адам музыка әлемінде ғана емес, адам келбеті жөнідегі түсінікті де түбегейлі өзгертті. Адам баласы табиғатынан жаратылған келбетін өзгерте алатынын дәлелдеді. Бар болғаны ондаған пластикалық ота мен миллиондаған доллар қажет. 

1979 жылы сахнада өнер көрсетіп жүргенде абайсызда құлап қалып, мұрнын сындырып алған поп-король хирургқа жүгінуге мәжбүр болды.

Бұл оның келбетін өзгертудегі алғашқы қадамы еді. 1985 жылдан бастап оның түсі де ағара бастайды, бірақ шығармашылығына ден қойған көрермен мұны гримнің нәтижесі деп түсінеді.

Ал 1987 жылы Майкл Джексон түр-түсін толығымен ағартып, жаңа келбетін - витилиго ауруның салдары деп пайымдайды. Дегенмен мұның бәрі кері әсерін беріп, 2001 жылы әншінің мұрны пішінін жоғалтады. Расталмаған деректерге сүйенсек, Джексон 50-ден астам ота жасатқан.

Басым бөлігі - қара нәсіл белгілерінен арылу үшін. Бұл - батыс жұлдыздарының арасында пластикалық хирургқа жүгіну бойынша абсолюттік рекорд болып табылады. 

Микки Рурк пластикалық хирургтың көмегіне бірнеше мәрте жүгінгенін ашық айтады. Голливуд жұлдызының 1991 жылы кинодағы жолы аяқталып, боксқа бет бұрады. 

Шаршы алаңда алған жарақаттарының салдарын түзеу үшін ол ота жасатуға бел буады.

Дегенмен алғашқы отасының өзі сәтсіз шығып, одан кейін ол көптеген жылдар бойы бірінен-бірі өткен пластикалық оталарының сәтсіз нәтижесін дұрыстау мақсатымен хирургтардың тұрақты клиентіне айналады.  

Рок-н-ролл королі Элвис Преслидің жұбайы 64 жасар Присцилла Пресли да біліктілігі төмен дәрігердің құрбанына айналды. Дәлірек айтсақ, алаяқтың.

Аргентинадан келген Дэниель Серрано Голливудтың көптеген жұлдыздарына әжімдерден сақтайтын жаңа препарат ойлап тапқанын жарнамалап, бәрін еге бастайды. 

Қазір әйгілі "Даллас" сериалының жұлдызы үнемі күлімсіреген қалпында жүреді. Сансыз операцияларды көтере алмаған оның бетінің бұлшық беттері жиырылу қасиетінен айырылған.

Ал оны түзетуге дәрігерлердің қолы көтерілмейді. Себебі тағы ота сәтсіз жасалса, оның нәтижесі қандай болары белгісіз.

Ресейдің ең танымал стилисті Сергей Зверев пластикалық хиругтың есігін ашпағанын айтып, ақталғанымен, бүгінде оған ешкім сене қоймас.

Кейбір деректер бойынша, ол алғашқы отасын 1995 жылы, жол апатына ұшырап, мұрнын зақымдағаннан кейін жасатқан.

Өзінің бүгінгі келбетін ол қымбат иіс майлар, макияж және стилінің өзгеруімен түсіндіреді. Дегенмен бұрынғы және қазіргі суреттерін көрген адамға "Гламур королі" кем дегенде 8 ота жасатып, мұрнын, иегін, жағын, ернін, көзінің формасын түзеткені байқалып-ақ тұр.

Зверевтің өзі болса жасын жасырып, туған жылы туралы тіс жармайды. 

Джоселин Вильденштейн бар ғұмырын күйеуінің көңілін табуға сарп етті. Өмірлік зайыбы оны бірінші рет пластикалық хирурқа итермелейді: отау құру шешімін қабылдағаннан кейін олар дәрігерге аттанады.

Содан бері қартаю қорқынышы - оның ең үлкен үрейіне айналды. 

Бірінен кейін бірі сәтсіз жасалған оталар Джоселинді тоқтатпай, керісінше ессіз әрекетке апарып соқтырады. Бірде ол хирургқа "Мысық-әйелге" айналғысы келетінін баяндайды. Бірақ жан-жарына жасаған "тосынсыйы" ажырасумен аяқталады.

"Бұл әйел - кезінде мен сүйіп, неке құрған адам емес. Қазір ол нағыз Горгона", - дейді кейін миллиардер Алек Вильденштейн. Дегенмен 60-тан асқан Джоселин бүгінде бақытты өмір кешуде. Ол көпшілік жиналатын мәдени шаралардың бірінен қалмайды.  

 

Танымал итальяндық дизайнер Донателла Версаче жас кезінде өте көрікті болған, дегенмен уақыт өте келе көркін жоғалта бастаған әйел пластиканы жасарудың тура жолы деп ұғады.

Бүгінде ол ондаған ота жасатқан танымал адамдардың қатарына кіреді. Пластикалық хирургтың қолына оның мұрны, ерні, денесі іліккені белгілі.

Сонымен қатар, оның жүргізетін өмір салты, атап айтсақ, есірткіге әуестенуі мен күннің астында көп уақыт өткізуі келбетіне зиян тигізгенін айта кету керек. 

   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/213328-plastikalyk-hirurgiyanyn-kyrbandaryna-ajnalgan-tanymal-adamdar-foto.html