RU

Қазақтар да үйінде қасқыр асырайды (фото)

Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов ауласында қасқыр өсіреді екен. Біздің Ескендір Ертаев есімді оқырманымыз ол кісінің ерекше қызығушылығы жайында өз фоторепортажын жіберген еді. Қабыл алыңыздар!

Қайрат Тұрлыхановтың ауласындағы қасқырдың есімі - Агуша. Қазір төрт жасар түз тағысы оған әбден бауыр басқан. 

Агуша иесінің қолдан ет бергеніне әбден үйренген. 

Кейде қарны ашқанда күш бермей кетеді. Бірақ иесінің қолы абайсызда аузына кіріп кетсе де тістеген емес. 

Етке тойған Агушаны енді шөл қысып тұр.

Суға мелдектете қанған соң, алысқа көз жүгіртеді. 

Агуша: "Қожайыным-ау, сен болмағанда мен баяғыда өліп қалар едім. Бетті әкелші, азуым батпаса, бір сүйейін!" 

Күн қызып кетті. Екі қасқыр бір-бірімізге дем беріп, мызғып алайық дейді.

Бәрібір ұяластарына қосыла алмаған Агушаның көзінде мұң бар сияқты. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/214405-kazaktar-da-yjinde-kaskyr-asyrajdy-foto.html