RU

Әлемдегі ең қымбат кофе (фото)

Әлемдегі ең қымбат кофе "Kopi Luwak" деп аталады. Дәмі тіл үйіретін ерекше сусын Индонезияның  Ява, Суматра және Сулавеси аралдарында орналасқан плантацияларда өсіріледі. “Kopi” индонезиялық тілден аударғанда "кофе" деген мағынаны береді, ал “Luwak” деп  дүние жүзіндегі ең қымбат кофені табуға көмектесетін кішкентай аңды атайды. (Фотосуреттер bigpicture.ru сайтынан алынған).

Кофенің әлемдегі ең қымбат сұрпы индонезиялық Сурабай қаласына жақын орналасқан Шығыс Явада өндіреді. Кофе тиінге ұқсайтын пальма циветтасы атты кішкентай аңның арқасында пайда болады. "Kopi Luwak" атауымен белгілі кофе ерекше жолмен өңделеді. Циветталар кофе ағашының жемістерімен қоректенеді: сөйтіп кофе олардың ас қорыту жолдарынан өтіп, дәретімен бірге қорытылмаған күйде сыртқа шығады.  

Фермерлер кофе ағашының жемістерін Шығыс Ява плантацияларында жинайды. Кофе жидектері кәдімгі жолмен жиналып, циветталарға беріледі.  Циветталардың ішінен шыққан кофе дәндері кейін жуылып, кептіріліп, қуырылады.

Фермер кофе дәндерін сұрыптап, өндіріске жарамайтындарын алып тастайды. Индонезиялық циветталардан алынатын кофенің дәмі ерекше болады, ал циветтаның асқазанындағы ферменттер сусынды айрықша жұмсақ хош иіспен бөлейді. Нарықтағы мұндай кофенің бағасы 1 фунт үшін $100-600 аралығында. 

Кофенің "Kopi Luwak" сорты сатылымға өте аз мөлшерде түседі. Жыл сайын нарыққа тек 1000 фунтқа жуық кофе шығарылады.  Австарлиялық Таунсвилл қаласының қасындағы "Heritage Tea Rooms" атты шағын кофеханада бұл кофенің бір пиаласы 50 австралиялық долларға сатылады. Бұл  - 33 АҚШ долларына тең. 

Жұмысшы әйелдер кофе жемістерін циветталар үшін әзірлеп жатыр. 

Жұмысшылар кофе өңдеудің соңғы кезеңі - жуылуы мен кептірілуі үшін дәндерді жинап жатыр.

Циветтаның ішінен шыққан дәндер жуылып жатыр. Дәндердің көлемі сол қалпында қалған. 

Жұмысшы кофе дәндерін қуыру үшін дайындауда. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/214665-elemdegi-en-kymbat-kofe-foto.html