RU

Базарда сатылып жатқан киім-кешектер де улы болуы мүмкін (видео)

Кигенің кебенек емес, кебін болып жүрмесін. Базарларда сатылып жатқан киім-кешектің біразы ешқандай талапқа сай емес. Матасы нашар, бояуы - улы. Мәселен тек Алматыда 3 ай ішінде 2 мыңға жуық стандарттарға сай емес, құжаты жоқ өнім тәркіленген. Бұл сапасыз бұйымдардың жалпы құны 650 миллион теңгеден асады. Көбі - балалар киімдері мен ойыншықтар.

if ( typeof video_ad_preroll != 'undefined' ) { video_ad_preroll_url = escape(escape(video_ad_preroll_url)); video_player = video_player.replace('prerolltpl', 'preroll=' + video_ad_preroll + '%26redirect=' + video_ad_preroll_url);}

if ( typeof video_ad_postroll != 'undefined' ) { video_ad_postroll_url = escape(escape(video_ad_postroll_url)); video_player = video_player.replace('postrolltpl', 'postroll=' + video_ad_postroll + '%26redirect=' + video_ad_postroll_url);}

document.write(video_player);

Сапа тексеру зертханасында жұмыс қызу. Мамандар Алматыдағы сауда орындарынан тәркіленген тауардың кезекті топтамасын тексеріп әлек. Қорытындыдан көпті көрген мамандардың өзі қорқады. Сараптамаға жеткізілген киім- кешектің бірде бірі сынақтан өтпеді. Өнімдердің синтетикасы шамадан тыс көп, химиялық қоспа межеден асып түскен. Арнайы аппарат синтетикалық киімдерді бір минутқа жеткізбей күл-талқанын шығарды.

Ералы Серікбаев, Алматы қ. метрология және стандарттау департаментінің  Бас маманы:

-Стандарт деген түсінік мүлде жоқ. Сай емес. Өкініштісі, барлығы тауарды өткізу үшін тұтынушыларды алдап, өтірік ақпарат береді.

Киім-кешекпен бірге балалардың ойыншығы да ойран болып шықты. Улы, адам ағзасына аса қауіпті қоспа көп. Яғни, қауіпсіздік талаптары мүлдем сақталмаған. Италия маркасы деп саудаланған тауарларды айласын асырған пысықтар Қытайда дайындаған.

Руслан Меделбек, тілші:

-Бұл өнімнің этикеткасында Түркияда жасалған деп көрсетілген. Алайда Еуропада тігілгенін растайтын құжаты немесе сертификаты жоқ. Бұл - бір. Екіншіден, сапасы төмен. Тігісі бұрыс, жібі дұрыс орналаспаған. Ал, бояуы қанық емес.

Жыл басынан бері қала базарларынан стандартқа сай емес 2 мыңнан аса өнім тәркіленген. Жалпы құны 650 миллион теңгені құрайды. Оның ішінде аяқ-киім, ойыншық, тіпті балалар тағамы да бар. Сапасыз өнімді жеткізіп, саудалағандарға 1,5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынған. Бірақ, алпауыттар үшін бұл сомма салмақ болмай отыр. Ұлт болашағын у-дан құтқарар заңда пәрмен жоқ деп күйінеді зертхана мамандары.

Аниса Фархиуллина, Алматы қ. Метрология және  стандарттау департаментінің бас маманы:

-Өнімнің сапасы адам шошырлық. Сырты жылтыр, тексерсек адам денсаулығына зиян. Әсіресе, этикеткаларында мүлдем ақпараттар дұрыс емес. Қалай болса солай жазылған. Қазақ тілінде киімнің түсі қызыл, ал орысша жазбада қоңыр деп тұрады. Тұтынушылар киім аларда осы ақпараттардың дұрыстығын тексеріп алса деген тілегіміз бар.

Сапасыз киім-кешек, ойыншық, тұрмыстық заттардың барлығы сот шешімімен жойылады. Бірақ, жағдайдың бұнымен оңалмасы анық. Мамандар мамыр айынан бастап тексерісті үдетпек. Тек кәсіпкерлерді тексермеңдер деп прокуратура тұсау болмаса болғаны дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/215287-bazarda-satylyp-zhatkan-kiim-keshekter-de-uly-boluy-mymkin-video.html