RU

Қазақстанда жасы 25-тен асқан бойдақтардың саны - 3 миллион

Елімізде жасы 25-тен жоғары бойдақтар саны - 3 миллион. 14-тен 29 жасқа дейінгілер 4 миллион 616 мың адамды құрайды.

Оның ішінде 2 миллион 337 мыңы - ер балалар, 2 миллион 279 мыңы - қыздар. "Айқын" газетінің бүгінгі санында шыққан ақпаратқа сүйенсек, Қазақстандағы нәзік жандылардың 28,2 пайызы, ал ер-азаматтардың 39,6 пайызы - бойдақ екен.

Орташа есеппен қыз балалар 24 жасында тұрмыс құрса, ер-азаматтар 27-28 жасында үйленеді. Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтың мәліметтері бойынша, елімізде 500 мыңнана астам сүрбойдақ һәм кәрі қыз бар.

Ал 21-29 жас аралығындағы жастардың, яғни жас отбасылардың 85 пайызы үй-күйсіз жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/215957-kazakstanda-zhasy-25-ten-askan-bojdaktardyn-sany-3-million.html