Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сырым Исабаев қалыңдығын алып қашқан жоқ

Опубликовано:

– Сырым, күні кеше ғана көтерген шаңырағың биік болсын! Үйлену тойынан кейінгі қарбалас тірліктеріңе қарамай, сұхбат беруге келіскеніңе көп рахмет! Той қалай өтті?!

– Өткен жұмада сәуірдің 20-сы күні бойдақтық өміріммен біржолата қош айтысып, қолыма ақ құсымды қондырдым. Киномдағыдай, "алып қашпай", ата-анасының алдынан өтіп, той жасадық (күліп…) Өмірлік жарым – түркістандық Әйгерім есімді ару.

– Той қай қалада өтті? Тосын сыйлар болды ма?

– Болашақ жарым және ата-анаммен келісіп, қасиетті жұма күнін әдейі таңдадық. Өйткені, бұл күн бүкіл мұсылман қауымы үшін киелі ғой. Тойымыз Шымкент қаласында өтті. Қазақстандағы ең мықты демей-ақ қояйын, бірақ, осы қаладағы ең белді деген тойханаларының бірінде сәтті өткіздік.

Жалпы, мұсылман баласына мақтаншақтық – жат нәрсе. Сондықтан, тойыма қанша қаржы кеткенін, қандай "сыйлықтар" түскенін айтқым келмейді. Қонақтардың да есімі құпия болып қалсын. Бірақ, Оңтүстік өңірге қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары мен өнерде бірген жүрген ағаларым, достарым жиналды.

– Қалыңдығыңмен қалай таныстың?

– Әйгерім екеуміз бұрыннан таныспыз. Менің жастық шағым Шымкент қаласында, Әйгерімдікі Түркістанда өтті. Екі қала да бір-бірінен онша алыс емес. Нақты танысқан күніміз есімізде жоқ. Сыпайы амандасып, қал-жағдайымызды білісіп жүріп, қалай жақын жандарға айналғанымызды аңғармай да қалдық.

– Қалыңдық жүрегіңді несімен жаулады?

– Әйгерімнің әдемілігі мені өзіне ә дегеннен баурап алды. Сыпайы мінезі мен сыйластығы, сыртқы келбетін ғана емес, ішкі жан дүниесінің сұлулығын да қатты ұнатып қалдым.

– Жарың екеуің Шымкент қаласында ата-анаңмен бірге тұрмақсыңдар ма?!

– Әзірге Әйгерім үйдегілерге сіңісіп, үйреніскенше бірге тұрамыз. Одан кейін Алматыға кететін шығармыз.

– Бірде: "Махаббатымды 19 жасымда жолықтырғанмын" деп едің…

– Үйленгенше күнде жолықтыратын едім… Елімізде қыз көп қой себебі… (Рахаттана күліп алды). Бұрындары 17-19 жасымда үйленсем екен деп армандайтынмын. Ал бүгін 25 жастан аспай үйленгеніме қуаныштымын. Осы жас – ер жігіттің нағыз ақыл тоқтатып, отау құратын жасы деп білемін.

– Сен түсірген "Қыз алып қашу операциясы" киносы төңірегінде дау-дамайдың шеті шығып еді. "Киноға түскен қаржымызды әлі ала алмай жүрміз" деген әртістердің мәселесі шешілді ме?

– Бұл туралы мен сұхбаттарымда, тіпті, теледидар арқылы да айтқанмын. Бір адамның пікіріне бола, көпке топырақ шашуға болмайды ғой. Бұл – маған жабылған жала. Әрі киноға түскен әртістердің қаламақысын режиссер төлегендіктен, менің тікелей қатысым жоқ. Бәрінің қаламақысы толық төленгенін сеніммен айта аламын. Егер әртістерге белгіленген ақша төленбесе, онда "Шымкент-шоудағы" Бауыржан ағамыз, танымал актриса Гүлбаушан Тілеубекова, Тұрсынбек Қабатовтар неге сұрамайды?! Бұл кісілермен сөйлестім. Олар: "Тиісті қаржымызды алдық. Ешкімге өкпеміз жоқ" деп отыр.

– Басында "Сырым кино түсіріп жатыр" дегенді естіп, таңғалғанымыз жасырын емес. Сол фильмнің "тағдырын" өз аузыңыздан естісек…

–Мен бұл істі осыдан екі жыл бұрын Астанада бастаған едім. Фильмді өзіңіз де көріп шықтыңыз. Мойындаймын, фильмді жұртшылық сәл күтіңкіреп қалды. Жарты жыл кешіктірдік. Неге десеңіз, оның сапалы шығуы үшін уақытты созуға тура келді. Қазіргі таңда көптеген фильмдер түсіріліп жатыр. Алайда, сол фильмдерді үлкен кинотеатрларға шығарған кезде оның сапасы, дауысы тағы да басқа форматтары сәйкес келмей, өте төмен деңгейде болып жатады.

Қазіргі таңда көптеген фильмдер түсіріліп жатыр. Алайда, сол фильмдерді үлкен кинотеатрларға шығарған кезде оның сапасы, дауысы тағы да басқа форматтары сәйкес келмей, өте төмен деңгейде болып жатады.

Шетелдің киносын көріп болып, біздің фильмді қарасаңыз, отандық өнімдерімізден біраз кемшіліктерді байқайсың. Көрермендерге өз уақытынан кешігіп жол тартса да, сапалы дүние шықсын деген ниетпен Ташкент қаласына апарып, дауысын, дубляжын қайта жасаттым.

Қазіргі таңда 5-1 (бес те бір) деген дауыс форматы бар. Бұл формат кинотеатрларда сеанс кезінде қойылады. Міне, осындай жұмыстардың бәрін біз Ташкент қаласында жасаттық.

– Фильміңді кім қаржыландырып еді?!

– Қайрат екеуміз (Қайрат Нұртас) екі жыл бойы үздіксіз көптеген концерттер бердік. Содан біршама қаржы түсті. Қазір өздеріңіз байқап отырсаңыздар, көп ән жаздырып жатқан жоқпын. Сол концерттерден түскен қаржыларды осы фильм түсіруге жұмсадым.

Мұнымен тоқтап қалғым келмейді. Алғашқы киномыздан түскен қаржыларды әрі қарай тағы да фильм түсіруге жұмсамақпын.

– Киноға күш салам деп шығармашылығыңды ақсатып алған жоқсың ба?!

– Жоқ, адам мақсатты түрде жұмыс жасаса бәріне үлгеруге болады. Сен жүз ән немесе мың ән жаз, бірақ одан ешкім ештеңе ұтпайды. Қазір менің қоржынымда 60-тан аса ән бар. Мен ол әннің бәрін айта берсем, халық қабылдай алмай, тыңдарманымды жоғалтып алуым да мүмкін. Тек осы әндердің жақсысын таңдап, халықтың жүрегіне жеткізе білсем болды.

– Болашақта жеке студия ашу ойыңда жоқ па?!

– Жақын арада үлкен істі қолға алып, студия құрсам ба деген ойым бар. Әрі оның тек қана фильм жағынан ғана емес, әуен, дыбыс жазып, аранжировка жасауға мүмкіндік беретін студия болғанын қалаймын.

– Жанды дауыспен ән айтасың ба?!

– Қайрат екеуміз екі-үш жыл бұрын "жанды дауыспен" ән айтуға көштік. Бұл оқиға бір жағынан күлкілі, бір жағынан аянышты. Қытай еліне гастрольдік сапармен бардық. Бір-екі әнді жанды дауыспен айтып бастаған соң, фонограммаға көшіп кетеміз деп келіскен едік.

Концерт басталар тұста, Қытай мемлекетінің комиссия мүшелерінің бәрі алдыңғы қатарға тізіліп отырып алды да: "Концерттің басынан аяғына дейін жанды дауыс болады. Берсеңдер беріңдер. Жанды дауыспен концерт бере алмайды екенсіңдер, онда айыппұл салынады", – деді. Айыппұлының көлемін есептесек, біз Қытайдан қайта алмай қалатын мөлшерде болады екен. Қатты састық. Халық жиналып қойған. Кетіп қалсаң, күледі.

Ақыры айтып шықтық-ау… Менің бұдан айтқым келгені, әр әнші осындай тығырыққа тіреліп, бірнеше рет жанды дауыста ән айтып көру керек. Артынан екі-үш рет ән айтқаннан кейін үйреніп кетесің. Дегенмен, Қазақстанда жанды дауыспен концерт бере алмаудың себебі бар. Мысалы, цирк ғимаратында концерт беру – ет пісіретін жерге нан пісіргенмен бірдей.

Қазақстанда жанды дауыспен концерт бере алмаудың себебі бар. Мысалы, цирк ғимаратында концерт беру – ет пісіретін жерге нан пісіргенмен бірдей.

– Ел арасында "Сырымның Қайратпен аралары бұрынғыдай емес екен, суып кетіпті" деген әңгімелер айтылуда. Осыған не дейсің?!

– Қарым-қатынасымыз тура бұрынғыдай. Әлі күнге бірге жұмыс істеп келеміз. Мақсатымыз – осыдан екі-үш жыл бұрын шыққан әндерді айтып, халықты жалықтырып алмау. Бірге де, жеке де ән айтып көрдік. Оншақты ән жазып, сол әндерімізді өңдеп, халықты сағынтып барып жеке концерт берсек дейміз. Үйлену тойымда да Қайрат жанымнан табылып, қол ұшын соза білді.

– Сені әнші, кинопродюсер, режиссер ретінде таныдық. Енді шаңырақ көтердің. Басқа немен айналысып жүрсің?

– Өнер жолына қадам басып, енді танылып келе жатқанда, Шымкент қаласынан бір дүкен ашқанмын. Оның ешқандай зияны жоқ. Маған біршама табыс та түсіреді. Оның үстіне шығармашылығымнан тапқан табысым қалай келсе, солай кетеді. Дүкенімнің арқасында қаржыдан қиналып көрмеппін.

– Әңгімеңе рахмет! Шығармашылық толағай табыстар тілейміз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/216106-syrym-isabaev-kalyndygyn-alyp-kashkan-zhok/

pixel