RU

Танымал тележүргізуші әлі "сүйіктісін" тапқан жоқ

-Қазбек, сіз "Hit TV" телеарнасы арқылы халыққа жақсы танылдыңыз. Сұхбатымызды сол шығармашылық жолыңыздан бастағанды жөн көріп отырмын. "Hit TV" арнасына қашан және қалай келдіңіз.

-"Hit TV" телеарнасына келуіме Ләйлә Сұлтанқызының бірден-бір септігі тиді. Ол кісімен ең алғаш "Шаһар" радиосында бағдарламаларды бірге жүргізген болатынмын. Одан кейін өзімнің жеке бағдарламамды аштым. 2001-2002 жылдан бері БАҚ саласында жұмыс істеп келе жатырмын. Мен негізі өзімді радионың адамымын деп есептеймін. Себебі, радиода өзімді еркін сезінемін.

-Бүгінгі күнге дейін қандай бағдарламаларды жүргізіп келе жатырсыз?

-Радиода ең алғаш интерактивті шоуға құрылған "Актерсымақтар" бағдарламасы болса, "Демал", "Тайқазан", "Қалайсың" бағдарламалары. Қазір "NS" радиосында екі бағдарламам шығып жатыр. Біріншісі - Қазақстанның шоу-бизнесіне негізделген хит-шеру, "NS KZ" деп аталады. Екінші де интерактивті шоу -жұлдыздармен сұхбат. Жұлдыздарды сұхбат арқылы басқа қырынан көрсететін шоу бағдарлама "Жұлдызды сенбі" деп аталады. Көбінесе шоу бағдарламаларды жүргізіп келе жатармын.

-Қазіргі уақытта телевидениенің танымалдылық алып келетінін жастар жақсы біледі. Сондықтан, жастардың көбісі телевидениеге ұмтылатын сияқты. Олардың ішінде тәжірибесі бары да жоғы да бар. Ал, өзіңіз телевидениенің құдіретін қалай түсінесіз?

- Кейбіреулер телевидениеге барған адамға жазудың қажеті жоқ, жеңіл ғана жолмен танылуына болады"деп ойлайды. Мен бұл сөздердің барлығына қарсымын. Журналист мамандығын игерген адам өзін ұстай білу керек. Ол-сол істің маманы болуы қажет. Телеарнада нағыз мамандар жұмыс істеуі керек. Егер басқа саланың мамандараның да қабілеті болса, неге еңбектенбеске?! Бірақ, менің ойымша, көбісі мамандықсыз телеарнаға шығып, артық кетіп жатады. Ең алдымен, кез келген журналист журналистік заңдылықтарды меңгеруі керек.

-Мен Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келгенмін. Бірақ, 8-сыныптан бері Алматыдамын. Отбасымда әке-шешем, екі қарындасым бар. Әкемнің есімі-Қасым, анамның есімі-Әлия. Әкем - экономист, анам - дәрігер. Қарындастарымның есімдері - Марал, Әсем. Бір қарындасым қазір өзіммен бірге Алматы қаласында. Ал, ата-анам мен бір қарындасым - Оралда.

Мен негізі атамның баласы болдым. Атамның есімі - Бисекешұлы Исламғали. Атам мені өз балаларынан да артық көретін. Мені Алматыға барсын, көрсін, оқысын деді.

Ол кісі дана, көріпкел болған. Адамгершілікке, отбасын сүюге, қамқор болуға тәрбиеледі. Құранды үйретті, екі қарындасымды табыстады. Кейде қарындастарым өздерінің бақытын таппай, отбасын құрмаймын еп те ойлаймын.

-Бала кезіңізде кім болуды армандаған едіңіз?

-Мен жоғары оқу орнын таңдаған кезде саясаткер болсам деп армандағанмын. Сол факультетке түстім. Бірақ, кейбір нәрселер ұнамай, журналистка факультетіне ауыстым. Содан бастап мен журналистік мамандыққа ғашық болдым. Мен тележүргізуші немесе радиожүргізуші боламын деп ойлаған емеспін. Жай ғана тыңдарман болдым. Бір күні радиоға хабарластым. Ләйлә Сұлтанқызы мен Досымбек деген азамат екеуі интерактивті бағдарламаны жүргізген болатын. Сол бағдарламаға хабарласып, тақырыпқа қатысты өз ойымды айттым, Ләйлә дауысымды естіп, радиоға шақырды. Мен Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдағанмын. Екінші мамандығым- әлеуметтанушы.

-Өзіңіз арқа сүйейтін қасиеттеріңіз бен кемшіліктеріңіз жайлы айтып беріңізші.

-Адаммен тез тіл табысамын. Ашықпын. Ортада барлық назарды өзіме аудартқанды ұнатамын. Аға ретінде қарындастарыма өте қамқормын. Мен үшін отбасы - бірінші орында. Кішкене ашушаңмын, қызуқандымын.

-Сүйіктіңіз бар ма?

-Қазірге сүйіктім жоқ.

-Алғашқы махаббатыңыз есіңізде ме?

-Алғашқы махаббатты ұмытуға болмайды. Махаббат деген - ұлы сезім. Оны сезінген адам ғана біледі. Мәселен, мен өмірімде бір рет сезіндім. Ол үшін мен барлығына дайын болдым. Жас болдым, сол қызға үйленуге дейін ойым болды. Бірақ, кей кездері адам ғашықтықтан сүйіктісінің кемшіліктерін көре бермейді, көргісі де келмейді. 1-курста үлкен махаббат басымнан өтті. 4-5 жыл бірге жүрдік. Уақыт өте келе махаббат өшті де қалды. Мен содан кейін "ғашық адамдар көп жүрмеуі керек екен" деп ойладым. Ұзақ жүрген сайын қызық та таусылады, бір-бірінен жалығады. Солай болмауы үшін бірден үйленуі керек немесе ортада бала болуы керек екен.

-Сіздің көңіліңізден шығатын ару қандай болу керек?

- "Сыпайы, инабатты болуы керек" деп кез келген жігіт айтатын шығар. Менің айтарым - қыз балада иман болу керек. Егер ата-анасы кішкентай кезінен бастап жүрегіне иман ұялатса, ол жаман қыз болмайды. Себебі, иманы бар адам әр кезде жамандық істеуге бармайды. Менің әйелім иманды қыз болса екен деймін.

Әдемілікпен халықты ұстап тұрамын деген - бос сөз. Әркім өз ісінің шебері болуға тырысуы керек. Сонда ғана біздің елде таланттар көбейеді.

-Бос уақытыңызды қалай өткізесіз?

-Түнгі клуб, кафе, мейрамхана дегендердің барлығын студенттік кезде көрдік. Соңғы кезде бос уақытымда табиғатқа шығып демалып жүрмін. Жақсы кино болса киноға барамын. Балық аулауға, аңшылыққа барамыз.

-Сіз де өнердің қайнаған ортасында жүрсіз ғой. Қалай ойлайсыз, шоу-бизнес Қазақстанда қаншалықты дамыған?

-Бізде шоу-бизнес дамып келе жатыр. Егер де сатылай салыстыратын болсақ, шыңырау шегінде тұрған -шет ел, одан кейін Ресей. Содан кейін ғана-Қазақстан. Бізде шоу-бизнес емес, той-бизнес басым. Басқа елде шоу-бизнестен көретін табысты біздің әншілеріміз таба алмай отыр. Ресейде "ұжымдық кештердің" аумағынан шықпайды. Мәселен, танымал әншілер үлкен олигархтардың, үлкен компания басшыларының кештерінен шыға алмай келе жатыр. Оны қазір Ресейдің шоу-бизнесінде жүрген бүкіл "жұлдыздар" мойындап, сонымен күресу үстінде. Біз де бірте-бірте соған келеміз деген ойдамын.

-Бүгінгі таңда қандай бағдарламалар көрерменді қызықтырады деп ойлайсыз.

-Біз шоу-бизнес саласында неше түрлі бағдарламалар жасауға тырысамыз. Бүгінде көптеген телеарналарда пікірталасқа құрылған бағдарламалар көбейіп кетті. Кез келген телеарнаны алып қарасаңыз, бір-екі қонақты шақырады да, бағдарлама сонымен өтеді. Үлкен шоу бағдарламалар жоқ. Ресейдің "ОРТ" арнасында көрермендерді теледидар алдында жібермей ұстап отыра алатын "Две звезды", "Звезды на льду" сынды әр түрлі шой бағдарламалары бар. Бірақ, ол көп қаржыны қажет етеді.

Бізде де продюсерлік жағы, демеушілік жағы, ұйымдастыру жағы шешілсе өнер адамдарын қатыстырып, шоу-бағдарлама жасауға болады. Біз "былай істеу керек" деп айтып жатамыз. Ал, шет ел оны баяғыда жасап тастаған. Бізге даму керек, ұмтылу керек. Шет елден үлгі ала тұрып, ұлттық нақышыңды, қазақ екендігіңді ұмытпау керек.

- Байқап отырсақ, бүгінде қос тілді көбейіп келе жатыр. Сонымен қатар, танымал өнер адамдары жүргізуші болып жүр. Бұл жүргізушілердің жоқтығы ма, әлде өнер адамдарының атағын пайдалану ма?

-Мұны мен танымал адамдардың атағын пайдалану деп түсінемін. Жүргізуші жоқ деген сөзге сенбеймін. Адам жүргізуші болып туылмайды. Жүргізушіні тәрбиелеп, дайындау керек. Жұмыс таппай жүрген қаракөз қыз-жігіттеріміз қаншама?! Жүргізушілікке әншілерді қою, менің ойымша дұрыс емес. Әнші өз ісін білуі керек. Кейбір жүргізушілер де ән айтып жатады. Ал оларды әншілер мойындамайды.

Жүргізуші жоқ деген сөзге сенбеймін. Адам жүргізуші болып туылмайды. Жүргізушіні тәрбиелеп, дайындау керек. Жұмыс таппай жүрген қаракөз қыз-жігіттеріміз қаншама?! Жүргізушілікке әншілерді қою, менің ойымша дұрыс емес.

Себебі, ол-басқа саланың маманы. Дауысы келмейді. Танымалдылықты пайдалану дегеніміз арнаның дәрежесін көтеру шығар?! Қанша сұлу болып, халыққа күліп тұрғанымен, егер оның санасында болмаса - барлығы бекер. Себебі, халық барлығын да көріп отыр. Сондықтан, әдемілікпен халықты ұстап тұрамын деген - бос сөз. Әркім өз ісінің шебері болуға тырысуы керек. Сонда ғана біздің елде таланттар көбейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/216187-tanymal-telezhyrgizushi-eli-syjiktisin-tapkan-zhok.html