Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ең үздік қоғам қайраткерлері анықталды

Опубликовано:

"Отан есімдері" халықтық дауыс берудің жеңімпаздары: Еділ Ерғожин, Бақытжан Қанапьянов, Мұрат Әуезов, Нұрлан Смағұлов және Илья Ильин. Сценарист әрі режиссер Ермек Тұрсыновқа "Халық таңдауы" аталымы бойынша бас жүлде ұсынылды, деп хабарлайды BNews.kz Exclusive журналына сілтеме жасап.

Халық смс жолдау және әлеуметтік желі арқылы үміткерлерге дауыс беруді 2011 жылдың 22 желтоқсанынан бастап кетті. Нәтижесінде, ең үздік қоғам қайраткері ретінде Мұрат Әуезов мойындалды, ал бизнес аталымы бойынша "Astana Group" компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов жеңіске жетті.

Ғылым саласына көп еңбек сіңіргені үшін "А.Б.Бектұров атындағы химия ғылымдарының институты" АҚ бас директоры Еділ Ерғожин атап өтілді. Ал ақын әрі қоғам қайраткері Бақытжан Канапьянов өнер аталымы бойынша көш бастады.

Спорт саласындағы жарқын жетістіктері үшін 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Илья Ильин үздік спортшы атанды. "Дауыс берушілерге сондай-ақ өз кандидаттарын ұсыну мүмкіндігі берілген болатын. Халық арасында Ермек Тұрсыновты қолдағандар көп болды. "Халық таңдауы" аталымы бойынша жеңіс сценарист әрі режиссер Ермек Тұрсыновқа бұйырды", - деп хабарлайды журнал.

Ұйымдастырушылардың мәліметтеріне сәйкес, байқау өткізу барысында олар әлемнің 87 елінен барлығы 82 162 дауыс алған екен. Қазақстаннан бөлек дауыс беру сайтына Ресей, Ұлыбритания, Украина, АҚШ, Өзбекстан, Франция, Германия, Канада, Оңтүстік Корея, Түркия мен тағы басқа елдерден кірген.

Ең көп дауыс берілген сала "Ғылым" болды (жалпы дауыстың 70%-ы), оның соңында "Мәдениет және өнер" (18%), "Спорт" (8%), "Қоғам қайраткері" (2%) және "Бизнес" (2%).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/216212-kazakstannyn-en-yzdik-kogam-kajratkerleri-anyktaldy/

pixel