RU

Қазақстанда 120 мыңнан астам түлек ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірді

Қазақстанда 120 мыңнан астам түлек ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірді деп хабарлайды "Қазақстан жаңалықтары" білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қалыптастырылған "Бітіруші" деректер базасына сәйкес, ағымдағы жылы ҰБТ-ға 121 044 мектеп бітіруші тілек білдірді, ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 77%-н құрайды, оның ішінде 82 377 қазақ тілінде, 38 667 орыс тілінде",- делінген хабарламада.

Ведомствода атап көрсетілгендей, "Бітіруші" деректер базасын қалыптастыру нәтижелері негізінде жақын арада Ұлттық тестілеу орталығында ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу кестесіне лектер бойынша түзету жүргізіліп, тестілеуді өткізу үшін қажетті емтихан материалдарын дайындау жұмыстары жүргізіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/216836-kazakstanda-120-mynnan-astam-tylek-ybt-ga-katysuga-tilek-bildirdi.html