RU

Венеция суға батып барады

Венецияның суға батып бара жатқанын ежелгі қоныстанушылар да байқаған болатын, алайда соңғы жүз жылда бұл үдеріс шапшаңдай түскендей, деп хабарлады Comments.UA сайты.

ХХ ғасырда Венеция орналасқан құрғақ учаске 23 сантиметрге суға батқан. Қалада су тасқыны жиілей бастады - Қасиетті Марк алаңы бүгінгі күндері жылына 100 рет суға шайылуда, ал өткен ғасырдың басында ол су тасқынынан бір жылда он рет қана зардап шеккен болатын.

Мамандардың есептеуінше, 2028 жылға қарай қалада өмір сүруге мүмкіндік болмайды, ал 2100 жылы мүлдем су астына кетеді. Венецияны жиі су шаюы жаһандық жылынумен, мұздықтардың еруімен және Әлемдік мұхит деңгейінің көтерілуімен байланыстырылуда.

Сан-Диегодағы Калифорния университетінің ғалымдары спутниктің көмегімен алынған мәліметтерді талдай келіп, Венеция екі миллиметр шаңшаңдықпен, ал Венеция лагунасының оңтүстік бөлігі жылына тіпті төрт миллиметр шаңшаңдықпен суға батып бара жатқанын анықтаған.

Калифорния ғалымдары мұны аймақ тектоникасының ерекшелігімен байланыстырады - Венеция орналасқан Адриат тақтасы Апеннин түбегінің қалған бөлігінің қысымына ұшырауда. Қазір Венецияны құтқарудың әртүрлі жобалары қарастырылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/216847-venecziya-suga-batyp-barady.html