RU

Қызылордада жаппай қаңғыбас иттерді ату шарасы басталды (фото)

Қызылордада бұралқы иттерді жою акциясы басталды. Қалалық қызмет өкілдері төрт аяқты қаңғыбастарды мылтықпен атып, соңынан кремация пешінде өртеп жібереді.

"Еуразия" бірінші арнасына хабарлағандай, қаңғыбас жануарларды атуға Қызылорда әкімдігінен 9 миллион 202 мың теңге бөлінді. Бүгінгі күні төрт мыңнан астам иттің көзі жойылды. Акция жыл аяғына дейін созылады.

Жергілікті билік орындарының пікірінше, бұл өте қатыгездік сипаттағы акция болғанымен, осы шараны еріксіз жүргізуге мәжбүр болып отыр. Айта кетейік, ай сайын Қызылордадағы медициналық орталықтарға ит қапқан 30-ға жуық тұрғын шағымданады. Өткен жылы құтырған ит қауып алған үш бала көз жұмды.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/216893-kyzylordada-zhappaj-kangybas-itterdi-atu-sharasy-bastaldy-foto.html