RU

Алматыда науқастарды медиктер емес мигранттар емдеген (видео)

Алматыда науқастарды медиктер емес мигранттар емдеген. Бұндай сорақылықты Жемқорлықпен күресетін қоғамдық кеңес әшкереледі.

Шекарадан заңсыз өткендерге тосқауыл бола алмай отырған полиция жиында желкеленді. Жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес полиция шенділерінің шаңын қақты. Былтыр елімізге шет мемлекеттерден 189 мың 648 азамат келіпті. Келімсектердің 60 пайызды шекараны заңсыз өткен. Тіптен, құжатсыз кірмелердің кесірінен жергілікті жұмысшыларды жұмыспен қамту бағдарламасы да тұралап қалған.

Кәкімжан Бишманов, "Нұр Отан" ХДП Жемқорлықпен күрес кеңесінің мүшесі:

-Шетелден қоныс тепкендер, уәкілетті органдардың рұсатынсыз Қазақстан аумағында жұмыс жасап жатыр. Тіпті, мемлекет қаржыландырып жатқан әлеуметтік маңызы бар нысандарға кірмелер жұмыс жасайды.

Мәселен, Алматы қаласындағы №2 перзентханада Өзбекстан мен Қырғызстаннан келген екі азамат жұмыс істейтіндігін анықтадық. Тіптен, еліміздегі жұмыспен қамту бағдарламасынада кірмелердің кесірі тиіп жатыр. Ал, көші-қон полициясы жел диірмен айналдырған ұстаның күнін кешіп жүр.

Кірмелерге жаза жеңіл, жалпақшешей Қазақстан заңы шетелдіктердің қолжаулығына айналған-дейді сақшылар. Бүгінде көші-қонның күні тіптен қараң. Орыстың бастамасымен Кедендік Одаққа кірегелі бері, Ресей, Беларусь азаматтары елімізде алаңсыз бір жыл жұмыс істей алатын дәрежеге жетті.

Ержан Оразбеков, Алматы қ. ІІД Көші-қон полициясы басқармасының бастығы:

-Бүгінде Алматы қаласының аумағында шетелдік 59 мың адам тіркелген. Ал, олардың тек 16 ғана тұрады қаламызда. Тіркелген азаматтардың 1896 оралман, 3995 алыс шетелдерден келген. Жыл басынан 9 мың заңбұзушылықты анықтадық.

Білдей бір басқарма күніне небәрі 20 мигрантты матаумен ғана шектелетін көрінеді. Бірақ, бұдан да нәтиже болмай тұр. Сасқан үйрек артымен жүзедінің керін келтіріп қазына қаржысына келімсектер орталғын ашайық деп емексіді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/216988-almatyda-naukastardy-medikter-emes-migranttar-emdegen-video.html