Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айнұр Тұрсынбаева, айтыскер ақын: Өмірімде жұмыс істеп көрген адам емеспін

Опубликовано:

Қазақтың төл өнері  - айтыстың жұлдызы  Айнұр Тұрсынбаева "Халық сөзіне" берген сұхбатын тамашалаңыздар.

– Сынға қалай қарайсыз?

– Біреулер сынап, кемшілігімді айтып жатса, іштей жақсы көріп тұрам дей алмаймын. Бірақ айтылған сыннан нәтиже шығаруға тырысам. Шындығында кез келген адам өз кемшілігін біліп тұрады. Сол секілді сахнадағы және өмірдегі жеке мінімді жақсы білемін. Соған бола өкпелейтін кездерім болады. Тіпті, күліп тыңдайтын да кездерім бар. Оның бәрі сынның айтылуына байланысты.

– Әріптестеріңізге сын айтып көрдіңіз бе?

– Айтыс сахнасында жүрген қыздарға өз шамамша ақыл айтып, сахнада кемшін түскен тұстарын айтамын. Еліктегендерін байқасам: "мына жерде қате кеттің", – деп ескертіп жатам.

– Өмір мен өнердегі ұстанымыңыз қандай?

– Таудай талап бергенше бармақтай бақ берсін!

– Балгерге сенесіз бе?

– Балгердің айтқаны дәл келеді деп айта алмаймын. Өйткені балгердің сөзін тындамаймын. Жастық шағымызда соңынан жүріп, емші-тәуіптің сөздеріне сенген кездеріміз болды. "Ойбай, айтып беріңізші", – деп жалынатынбыз. Қазір бармайтын болдық (күлді).

– Он жылдан кейінгі Айнұр Тұрсынбаеваны қалай елестетесіз?

– Тұманбай ағамыздың: "Сен мені кінәлама, Жүрмесең жол қашады. Жаныннан қуалама, Жүрегім жап-жас әлі", – дегені сияқты қанша жылдар өтсе де адамның көңілі бұрынғы қалпынан өзгермейді. Осыдан он жыл бұрын осындай боламын деп ойлаған емеспін. Бұрын қандай болсам, қазір де сондаймын. Бұл менің мінезіме, адамдармен қарым-қатынасыма байланысты. Болашағымды болжап, осылай болуы керек деп жоспар құрмаймын.

– Өмірде неден қорқасыз?

– Өмірде қателесуден асқан қорқыныш жоқ.

– Арманшылсыз ба?

– Арманы жоқ адам, қанатсыз құспен тең. Қазір біздің айтысымыз тоқтап тұр. Өзінің әділ бағасын ала алмай, өзінің қоғамдағы орнын таппай жүргендей. Осы жағынан биікке шықса ғой деп арман құшағына енетін кездерім көп.

Қазір біздің айтысымыз тоқтап тұр. Өзінің әділ бағасын ала алмай, өзінің қоғамдағы орнын таппай жүргендей. Осы жағынан биікке шықса ғой деп арман құшағына енетін кездерім көп.

– Басқа кәсіппен айналысқыңыз келе ме?

– Әрине, басқа кәсіппен айналысуға ниетім бар. Бірақ немен айналысу керектігін әлі ойлаған емеспін. Оның үстіне біреуге тәуелді болып жүре алмаймын. Өмірімде жұмыс істеп көрген адам емеспін ғой. Жұмысқа тәуелді болып, таңертең тоғызда келіп, кешкі тоғызда қайтатын жұмысты істей алмайтын шығармын. Сондықтан болар, осы уақытқа дейін ешбір жұмыстың тізгінін қолға алмай келемін. Не болса да, шығармашылық еркіндікте болатын жұмысты атқарғым келеді.

– Жиі түс көресіз бе?

– Өте жиі көремін.

– Шаршағанда қайда демаласыз?

– Көбінесе сапарда жүремін. Шаршағанда демалу үшін шет елге бармаймын, өз үйімде боламын. Одан асқан демалуға қолайлы орын жоқ. Үйге келсем бәрін ұмытып, емін-еркін демалып қаламын.

– Әйел адам қандай қасиеттерге бай болуы керек?

– Әйел адамға ең керегі кешірімді болу.

– Үй жануарларын асырайсыз ба?

– Қарап отырсам, менде бұлардың ешқайсысына да әуестік жоқ екен. Сондықтан асырауға құлықты емеспін. Ит асырап, соған уақытын бөліп, тамағын алып жүретін адамдарды білемін. Иттен гөрі жетімдер үйінен бала асырап алған әлдеқайда дұрыс шығар.

– Қандай отбасылық дәстүрді берік ұстанасыз?

– Кішілердің үлкенге қарсы сөйлемеуі деген секілді дәстүрлер өте көп. Отбасы болғаннан кейін өзін еркін сезінетін ең бақытты ұясы болуы керек. Үйде ұрыс-керістің болмауын қадағалап, шама келгенше соны санаға сіңіруге тырысамын.

– Достарыңызға адалсыз ба?

– Әрқашан да достарыма адалмын. Олар туралы бөтен ойға берілген емеспін.

Соңғы екі-үш жылдың ішінде ғана 5-6 көлік міндім. Оның алдында бір жылда бір көлік немесе екі жылда бір көлік алып жүрдім. Ең алғашқы алған көлігімді өзімнің үй-ішіме сыйладым. Қазір сатылмай тұрған екі-үш көлігім бар

– ЖПБ (МАИ) қызметкерлері сізді жиі тоқтата ма?

– Жеке жүргізушімнің бар болғандықтан көлік жүргізбеймін. Бірде ұзақ жолда келе жатып, көлік жүргізіп, ЖПБ қызметкерлерінің тоқтатқаны бар. Абырой болғанда, танып, әуреге салмай бірден жіберді.

– Дінге көзқарасыңыз?

– Өзімді дінге қатты сенетін, соған берілген адаммын деп айта аламын.

– Айтыста ең көп көлік мінген ақынсыз. Жүлдеге алған көліктерді кімдерге сыйлап жүрсіз?

– Бұл жетістіктерге жиырма жылдың ішінде жеттім. Соңғы екі-үш жылдың ішінде ғана 5-6 көлік міндім. Оның алдында бір жылда бір көлік немесе екі жылда бір көлік алып жүрдім. Ең алғашқы алған көлігімді өзімнің үй-ішіме сыйладым. Созақ ауданында болған айтыста бас жүлде алып, бірінші орын алған Қалижан деген балаға беріп кеттім. Бұдан өзгеге көлік сыйлаған кездерім жоқ. Баратын жерлеріне уақытында кетіп жатты. Қазір сатылмай тұрған екі-үш көлігім бар (күлді).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/217242-ajnyr-tyrsynbaeva-ajtysker-akyn-omirimde-zhymys-istep-korgen-adam-emespin/

pixel