RU

Қарағандылықтар туристерді көмір шахталарына экскурсия ұйымдастыру арқылы тартпақшы

Қарағандылықтар туристерді көмір шахталарына экскурсия ұйымдастыру арқылы тартамыз деген ниетте. "Экспресс К" газетінің ақпаратына сәйкес, қарағандылық "Авалон" тарихи-географиялық қоғамы мүшелерінің пайымдауынша, жабылған шахталарды нағыз қызықты көрме залдарына айналдыруға болады.

Олар мұндай лабиринттер бойымен экскурсия ұйымдастыру көпшілікке, әсіресе "экзотикаға" елең ететін шетелдік туристер үшін аса қызықты болатынына сенімді.

"Қарағандының ескі қала деп аталатын бір бөлігі бар. Дәл осы жерден кезінде облыстық орталық бастау алған болатын. Мұнда шахталар тұрғын үйлермен шектесіп жатқан болатын. Кейін бұл жерде құрылыс жүргізуге болмайтындығы белгілі болды. Уақыт өте келе сол жерде көмір өндірісімен айналысқан шахталар да жабылып қалды. Нәтижесінде аудан қаңырап қалды", - деп әңгімелейді "Авалон" төрағасы Виталий Шуптар.

Шуптар индустриялық мұраны көпшілікке шап ететін мұражайды дәл осы жерден ашуға болады деп есептейді. "Бірінші көргенде мән бермейтін көмір қазбаларын туристер үшін қызықты қырынан ұсынуға болады. Қарағандыда ХІХ ғасырда ашылған ежелгі шахталардың бар екенін ескеретін болсақ, тарихи тұрғыдан бұл өте қызық. Ал осы мұражайларға экскурсия жетекшісі ретінде шахтаның бұрынғы қызметкерлерін шақырған дұрыс. Олардың көпшілікке шахта өмірі жайлы қызықты дүниелер айта алатыны сөзсіз", - деп атап өтті ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/217516-karagandylyktar-turisterdi-komir-shahtalaryna-ekskursiya-yjymdastyru-arkyly-tartpakshy.html