RU

Африкадағы азық-түлік жетіспеушілігі (фото)

Батыс және Орталық Африканың Сахель табиғи аймағында басталған азық-түліктік дағдарыс бір миллионға дейін баланың тағдырына араласты.

Буркина-Фасо, Чад, Мали, Мавритания, Нигер, Камерун, Нигерия және Сенегал сияқты мемлекеттердегі біртұтас буын тамақ жетіспеушіліген пайда болған дертке шалдыққан. Жауын-шашынның аздығы, астық тапшылығы және азық-түлік бағасының қымбаттауынан аймақ тұрғындары әлсіреп, ауруға шалдығып, медициналық көмекті қажет ететін жағдайға жетті. (Суреттер bigpicture.ru сайтынан алынды).

Жергілікті тұрғын Мондо ауылының қасындағы шөлейт далада баласын көтеріп әкеле жатыр. 19 сәуір, 2012 жыл. ЮНИСЕФ-тің есептпеуінше, Чад территориясындағы Сахель аймағында тұратын 5 жасқа дейінгі 127 мың баланы асқа жарымаушылықтың ауыр салдарынан емдеу қажет.

Құмның астындағы есек жергілікті тұрғындар инфекция таралмас үшін өлі жануарларды әкелетін шөлейт далада жатыр. Балалары ауру және аш аналар Чад шөлейтіндегі ауруханалар мен азық-түлік тарататын орындарға көптеп ағылады. Алайда кейде бала өмірін сақтап қалу мүмкін болмайды.  БҰҰ халықаралық гумантитарлық көмектің көлемі ұлғаймаса, көз жұмған балалардың саны көбеюі мүмкін екендігін ескертеді.

22 жасар Фатима Абд Рахман 2 жасар қызы Колтума Абдулайдың қасында отыр. Колтума Мондодағы клиникасының интенсивті терапия бөлімінде ем алуда. ЮНИСЕФ азық-түліктік дағдарыс жұтаң шыққан астық пен құрғақшылық салдарынан малдың дұрыс төлдемеуінен туындады деп отыр. Жағдай Ливияда басталған конфликттен кейін Чадқа жерлестерінің көптеп оралуынан кейін шиеленісті. 

Аштық, диарея және аптап ыстықтан зардап шеккен Зара Махамат Нгури ауылындағы ауруханада ем алуда.

Аналар балаларын тексертуден өткізу үшін кезекте отыр.

Хадетта Мухаммед қолында баласы Омарды ұстап отыр. Дәрігер кезегінде. Барра ауылы. 20 сәуір 2012 жыл. 

3 жасар Халим Мусса госпитальдің ем арқылы тамақтандыру бөлімінде. Ол өздігінен тамақ іше алмайды.  Мұрнына енгізілген түтікшелерді алып тастамау үшін, баланың қолын матап тастаған. Анасы Калтума Абакар ауруханаға жету үшін 70 шақырым жаяу жүріп өткен.

8 айлық Кубура Али де аштықтың зардабын тартып, қазір ем алуда.

20 жасар Ашта Абдулай ем алып жатқан екі жасар баласы Мусса Алимен бірге.

Херета Мусса қолында 7 айлық баласын ұстап отыр. Сәби тамақ жетіспеушілігінен туындаған өкпе инфекциясынан емделуде.

Әйелдер балаларының денсаулығында оң өзгерістер ма деген үмітпен қолының айналасын өлшеуде. 

Дәрігерлер жаңа түскен пациенттің салмағын өлшеп жатыр.

Жергілікті тұрғында тек мал суаруға жарайтын су көзінен өздері де су алуда. Жиырма адам бұл құдықты бір апта бойы қазған. 

Әйел тарыны тазалап, сату үшін дайындап жатыр.

Екі жасар Хава Абдулланың салмағы небары 5,4 келіні құрайды.

Екі жасар Незиле Мусса анасының алдында ем қабылдап жатыр. 

Екі жасар Незиле Мусса.

Кубура Адум мен екі жасар Nezile Moussa Маодағы клиникада. 

Анасы 8 айлық қызы Кубура Алиді желдетіп тұр. Бұл нәресте де өздігінен тамақтана алмайды.

Дәрігерлер 13 айлық Халиме Алидің салмағын өлшеуде.

 

Екі жасар Хава Мусса.

Ауруханада кезекте отырған әйелдер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/217984-afrikadagy-azyk-tylik-zhetispeushiligi-foto.html