RU

Алматыдағы ең табысты мамандықтар аталды

Алматыда ең көп жалақыны – қаржыгерлер, ал ең төменгі еңбекақыны – тамақтану орындары мен қонақүй қызметшілері алады екен.

Алматыдағы қызметкердің орташа айлық жалақысы сәуір айында 134 528 теңгені құрап, наурыз айында 1,3 пайызға, ал іс жүзінде – 0,8 пайызға артты.

"Қазақпарат" хабарлағандай, түрлі қызмет аясында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақыларында айтарлықтай айырмашылық бар. Ең жоғары жалақы мөлшері қаржы және сақтандыру қызметінде – 287 904 теңге, ең төменгі жалақы қонақүй және тамақтану орындарында – 79 166 теңгені құраған.

Ірі және орташа кәсіпорындарда орташа айлық жалақы 2012 жылдың сәуір айында 134 293 теңге болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/220184-almatydagy-en-tabysty-mamandyktar-ataldy.html