RU

Шымкент тұрғындары асқазан ауруын емдеудің жаңа әдісін тапты

Бүгінде ел арасында халық емінің түрлері көп. Оларды әркім өз білгенінше қолданып жүр. Көпшілік жылан етін шипа деп қабылдайды. Ал шын мәнінде кірпінің еті жыландікінен де пайдалы екен.

Оның асқазан-ішек ауруларына пайдасы зор. Сонымен бірге енді басталып келе жатқан қатерлі ісіктің де алдын алады. Бізге бұл жөнінде бірнеше жылдан бері кірпінің етін ем ретінде пайдалынып жүрген азаматтың өзі айтып берді.

"Мен он жыл бойы асқазаным ауырып қатты қиналдым, кө­рін­беген дәрігерім қалмады, – дейді Сарыағаш ауданындағы Қошқарата ауылының тұрғыны Жеңіс Ережепов. – Тіпті Астанадағы озық ауруханаларда да ем қабылдадым. Ота жасағанымен сырқаттан айығып кете қоймағандықтан майлы тамақты мүлде жей алмайтынмын. Қиналып жүргенімді көріп ауылдағы бір қария кірпі етінің емдік қасиеті жөнінде айтты. Содан түнделетіп кірпі аулай бастадым. Ұстаған кірпіні қой секілді бауыздап, басын кесіп аламын да, терісін сыпырып тастаймын. Өзінен азғантай ғана ет шығады. Оған картоп, сәбіз қосып қайнатып, сорпасын ішіп жүрдім. Еті жылқынікінен де дәмді болады. Суыққа да пайдасы мол. Құдайға шүкір, қазір жақсы болып кеттім. Асқазаным ауырғанды қойды, майлы тамақты бір адамдай жей беремін. Негізінен кірпі қыркүйек айынан кейін қатты семіреді. Сол кезде ұстасаң, еті майлы келеді. Біреулер көлбар жыланның етін пайдалы дейді. Менің байқағаным, кірпі етінің қасиеті одан да жақсы. Себебі ол сол жыланның өзін жеп, өсімдік тамырымен қоректенеді. Соңғы кезде кірпі етінің пайдасын зерттей бастадым. Ол қатерлі ісік ауруына да ем екен. Егер өзінің ондай сырқатқа шалдыққанын біл­ген­ сәттен кірпі етін жей бастаса, ол адамның дертінен құлан-таза айығып кетері анық. Мұны мен осы кезге дейін бірнеше адамнан естідім. Соған қарағанда, тиісті орындар кірпінің етін зерттеп көрсе дұрыс болар еді. Бәлкім ем табыл­май жүр деген сырқаттарға осы кірпі етінен жасалған сорпаның пайдасы мол болатын шығар".

Расында ойланып көруге болатын-ақ мәселе секілді. Бүгінде ештеңеге таңдануға болмай қалды емес пе?

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/222790-shymkent-tyrgyndary-askazan-auruyn-emdeudin-zhana-edisin-tapty.html