RU

Өскеменде екі қыз тұрған балкон опырылып құлады (видео)

Өскеменде бес қабатты тұрғын үйдің балконы сол пәтерде тұратын екі қызбен бірге опырылып құлады, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті.

Өскемендегі балконның опырылуы "Қазақстан көшесінің бойындағы үйде тұратын екі қыз балконға шығып, әңгімелесіп тұрған сәтте балкон опырылып кеткен. Қыздар төменгі қабаттағы көршілердің балконына құлаған. Жарақаттары ауыр болмағандықтан олар ауруханаға жатудан бас тартты", – деп хабарлайды ШҚО ТЖД.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/223446-oskemende-eki-kyz-tyrgan-balkon-opyrylyp-kylady-video.html