RU

Түріктерге туристерді тарту үшін фотошоп қолдануға тиым салынды

Түркияның туристік агенттіктеріне жарнама мақсатындағы үнпарақтар даярлау барысында фотошоп бағдарламасын қолдануға тиым салынды.

Әсіре безендірілген фотолармен туристерді адастырған агенттіктерден енді моральдық және материалдық шығындарды заңды түрде өндіріп алуға болады.

Мұндай шешім Түркия азаматшасының шағымынан кейін қабылданыпты. 2008 жылы Бодрумдағы отельдің біріне жолдама сатып алған турист демелатын жеріне келіп жеткенде, өзінің оңбай алданғанын көреді. Отельдің сыртқы келбеті каталогта көрсетілген суретпен мүлде сәйкес келмейтін көрінеді.

Сән-салтанаты жарасқан қонақ үйдің орнына ұсынылған бұл қораштау отелден ол бірден бас тартады. Сосын туристік агенттікті сотқа береді. Сот туристі қолдап шығыпты. Осы оқиғадан кейін туристік агенттіктердің жанамаларын фотошоппен безендіруіне шектеу қойылыпты.

Түркия бүгінде Қазақстан туристерінің негізгі демалыс орнына айналған. Еліміздегі алаяқ туристік агенттіктердің кесірінен сан соғып қалған демалушылар да жетерлік. Статистикалық мәліметтерге қарағанда 2011 жылдың 9 айында ғана бұл елде 153 896 турист демалып қайтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/223624-tyrikterge-turisterdi-tartu-yshin-fotoshop-koldanuga-tiym-salyndy.html